О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 апреля 2001 года N 117 "Об утверждении минимальных размеров уставного и собственного капиталов страховой и перестраховочной организаций", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1513 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1513 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымының жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 117 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымының жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 117 қаулысына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1513 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 21 мамыр-3 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
5-тармақтың бірінші азатжолындағы "2002 жылдың 1 қарашасынан бастап" деген сөздер "2003 жылдың 1 шілдесінен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.