О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 июня 2001 года N 237 "Об утверждении Правил осуществления инвестиционных операций Национального фонда Республики Казахстан", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1568 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1568 нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ескерту: Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.07.2006 N 65 (01.10.2006 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1568 нөмірімен тіркелген, "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басылымдарында 2001 жылғы 2-15 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесіне:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Merrill Lynch 6-month US Treasury Bill Index индексі - өтеу мерзімі алты айға дейінгі АҚШ-тың қазынашылық вексельдерінен тұратын Merrill Lynch компаниясының индексі. Кірістілік және тәуекел көрсеткіштері күн сайын есептеледі.";
33-тармақтағы "Salomon" деген сөз "Merrill Lynch" деген сөздермен ауыстырылсын;
44-тармақтағы:
екінші кестенің жолындағы:
"60" деген сан "75" деген санмен ауыстырылсын;
"50" деген сан "65" деген санмен ауыстырылсын;
"70" деген сан "85" деген санмен ауыстырылсын;
үшінші кестенің жолындағы:
"40" деген сан "25" деген санмен ауыстырылсын;
"30" деген сан "15" деген санмен ауыстырылсын;
"50" деген сан "35" деген санмен ауыстырылсын;
45-тармақтағы:
"60%-ке" деген сөздер "75%-ке" деген сөздермен ауыстырылсын;
"40%-ке" деген сөздер "25%-ке" деген сөздермен ауыстырылсын;
60-тармақтың 1) тармақшасындағы "100" деген сан "50" деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ал оның қолданылуы 2002 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қарым-қатынастарға таратылады.
Тармақ 3
3. Монетарлық операциялар департаменті (Әлжанов Б.А.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап бес күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.