О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 июня 2001 года N 237 "Об утверждении Правил осуществления инвестиционных операций Национального фонда Республики Казахстан", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под N 1568 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1568 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 маусымдағы N 237 қаулысына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1568 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 2-15 шілдеде жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 24 қазандағы N 426 қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2048 тіркелген) өзгерістерімен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесінде: 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "10. Salomon World Government Bond ex Japan Index индексі 60% USD hedged (90 процент) қосылған Salomon World Government Bond Japan Index 60% USD hedged (10 процент) (бұдан әрі - customized SWGB Index 60% USD hedged) - Жапонияны қоспағанда, дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларының 90 процентінен тұратын Salomon Smith Barney компаниясының индексі және АҚШ долларына қарағанда 60%-ке хеджирленген өтеу мерзімі бір жылдан астам Жапония мемлекеттік облигацияларының 10%-проценті. Бағалы қағаздардың индекстегі құрамы рыноктық капиталдандыру негізінде ай сайын өзгеріп отырады. Кірістілік пен тәуекел көрсеткіштері күн сайын есептеледі."; мынадай мазмұндағы 10.1-тармақпен толықтырылсын: "10-1. Lehman Global Aggregate (LGA) индексі - мемлекеттік, агенттік, корпоративтік бағалы қағаздардан, сондай-ақ активтер кепілімен бағалы қағаздар мен жылжымайтын мүлік кепілімен бағалы қағаздардан тұратын Lehman Brothers компаниясының индексі."; 11-тармақтағы кесте: мынадай мазмұндағы оныншы жолмен толықтырылсын: ___________________________________________________________________ ВВВ | Ваа ___________________________________________________________________ мынадай мазмұндағы он үшінші жолмен толықтырылсын: ___________________________________________________________________ А-2 | Р-3 ___________________________________________________________________ 24-тармақтағы "20%-нен кем болмауы" деген сөздер "600 млн. АҚШ долларынан аспайтын болуы" деген сөздермен ауыстырылсын; 36-тармақ алынып тасталсын; 40-тармақтағы "12 айдан" деген сөздер "10 жылдан" деген сөздермен ауыстырылсын; 41-тармақтағы "0.75" деген сан "1" деген санмен ауыстырылсын; "Тұрақтандыру портфелінің негізгі өлшемдері" деген 4-тарау мынадай мазмұндағы 42-1-тармақпен толықтырылсын: "42-1. Валюталық бөлу бөлінісінде тұрақтандыру портфелінің ең көп дегенде 30 процент активтері customized SWGB Index 60% USD hedged индексіне енетін елдердің АҚШ долларынан өзгеше валюталарына деноминацияланған активтерге инвестициялануы мүмкін."; 45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "45. Жинақ портфелі үшін мыналардан тұратын индекс эталондық портфель болып саналады: 1) 75%-проценті - customized SWGB Index 60% USD hedged және 2) 25%-проценті - MSCI World Index excluding Energy."; 47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "47. Жинақ портфелінің белгіленген кірісі бар бағалы қағаздар портфелі үшін customized SWGB Index 60% USD hedged индексі эталондық портфель болып саналады."; 48-тармақ "Инвестициялар" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасы эмитенттерінің бағалы қағаздарын қоспағанда, customized SWGB Index 60% USD hedged және LGA индексі" деген сөздермен толықтырылсын; 52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "52. Бағалы қағаздың корпоративтік эмитентінің ең төмен ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі - А/А2-ден ВВВ-ға дейін. Ақша рыногы корпоративтік бағалы қағаздарының ең төмен қысқа мерзімді кредиттік рейтингі - А2/Р3. Портфельдің ең көп дегенде 2 проценті ВВВ-дан А- -ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін. Портфельдің ең көп дегенде 4 проценті А- -дан А+ -ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін. Портфельдің ең көп дегенде 6%-проценті А+ -дан АА- -ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін. Портфельдің ең көп дегенде 10 проценті АА- -дан жоғары ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін. Жылжымайтын мүлік (МВS) немесе активтер (АВS) кепілімен бағалы қағаздардың ААА-дан ВВВ -ға дейінгі - Standard & Poor's немесе Ааа-дан Ваа-ға дейінгі Moody's кредиттік рейтингі болуы тиіс."; 62-тармақтағы "150" деген сан "300" деген санмен ауыстырылсын; 67-тармақтағы "2" деген сан "4" деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді, ал ол 2003 жылғы 1 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Тармақ 3
3. Монетарлық операциялар департаменті (Әлжанов Б.А.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап бес күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З. йманбетоваға жүктелсін.