О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 февраля 2001 года N 257 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 ақпандағы N 257 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комитетінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 ақпандағы N 257 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 7, 78-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті туралы ережеде 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "6. ЖАК-тың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 480100, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.