О внесении изменения и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 20 января 2001 года N 87 и от 9 февраля 2001 года N 214 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.09.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 қаңтардағы N 87 және 2001 жылғы 9 ақпандағы N 214 қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 қаңтардағы N 87 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитеті туралы ережеде: 12-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: "7-1) өзінің құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасайды;"; мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын: "19-1. Төраға және оның орынбасарлары өздерінің құзыреттері шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады.";
Тармақша 2
2) 📌 Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 39 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.