О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2001 года N 983 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 20 шілдедегі N 983 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 20 шiлдедегi N 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 27, 340-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ережеде: 10-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: "4-1) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру."; 11-тармақта: 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "10) Министрлiктiң аумақтық органдарының қызметiн үйлестiру, медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзуге және мүгедектердi оңалтуға ұйымдық-әдiстемелiк басшылық жасау және бақылау, республикадағы мүгедектiктi ақпараттық-статистикалық талдау;"; мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2), 10-3), 10-4) тармақшалармен толықтырылсын: "10-1) мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласында, оның iшiнде медициналық-әлеуметтiк сараптама саласында нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу; 10-2) мүгедектердi әлеуметтік қорғау саласында кешендi бағдарламалар әзiрлеу; 10-3) барлық санаттағы мүгедектерге әлеуметтiк қызмет көрсету протездiк-ортопедиялық көмек көрсету, есту протездерiмен және тифлотехникамен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық кесiмдер, әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу; 10-4) облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының (департаменттерінің) және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру және әдістемелік басшылық жасау;".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.