О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июля 2001 года N 983 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 шілдедегі N 983 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 шілдедегі N 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 27, 340-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде: 10-тармақта: мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын: "4-2) міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;"; 6) тармақша алынып тасталсын; 11-тармақта: мынадай мазмұндағы 12-1) және 25-1) тармақшалармен толықтырылсын: "12-1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау;"; "25-1) әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық тағайындалуы мен олардың алынуын бақылауды қамтамасыз ету;"; 28) тармақша алынып тасталсын; 12-тармақта: мынадай мазмұндағы 1-1), 2-1), 3-1) және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын: "1-1) әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеру;"; "2-1) әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері бойынша қажетті түсініктер беру;"; "3-1) еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу;"; "5-1) әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттарды қабылдау және беру жөніндегі талаптарды белгілеу;"; 12) тармақша алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.