О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Костанайской области от 20 апреля 2001 года № 47 «Об обеспечении сельскохозяйственных товаропроизводителей горюче-смазочными материалами на период проведения весенне-полевых и уборочных работ 2001 года» Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы әкімиятының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 47 «Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді 2001 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу кезеңіне жанар - жағар май материалдарымен қамтамасыз ету туралы» қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 15.07.2004 № 194 қаулысымен.
Облыстық әкімият КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімиятының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 47 «Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді 2001 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу кезеңіне жанар - жағар май материалдарымен қамтамасыз ету туралы» қаулысына темендегідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді 2001 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін жанар - жағар май материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында «Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді 2001 жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін несиелеу» бағдарламасы бойынша Қостанай облысы бюджетінің қаражаты есебінен несиелеу» ережелері бекітілсін (1 қосымша)».
Тармақша 2
2) Қаулының 2-тармағы келесі мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
«Облыстық бюджеттің қаражаты есебінен «Ауылшаруашылық тауар өндірушілерді 2001 жылдың көктемгі дала жене егін жинау жұмыстарын өткізу үшін несиелеу» бағдарламасының әкімгері болып, Қостанай облысының қаржы департаменті белгіленсін».
Тармақша 3
3) Қаулының 4-тармағы келесі редакцияда жазылсын: «Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын өткізуге облыстық бюджеттің қаражаты есебінен ауылшаруашылық тауар өңдірушілер үшін облыстың аудандары мен қалалары бойынша несиелік қаражат көлемі бекітілсін (3 қосымша)»
Тармақ 2
2. Әкімияттың 2001 жылғы 20 сәуірдегі 47 қаулысына 1 қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Әкімияттың 2001 жылғы 20 сәуірдегі 47 қаулысына 3 қосымша жаңа редакцияда жазылсын (2 қосымша).
Басқа 7
Казақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімиятының
2001 жылғы 2 мамырдағы
№ 54 каулысына 1-қосымша
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелер ауылшаруашылық тауарөндірушілерін оларды 2001 жылғы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарды ұшін жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында несиелеудің тәртібін белгілейді (бұдан әрі- Ереже).
Тармақ 2
2. Осы Ережелерде көрсетілген несиелеу беру нысаны бойынша — жедел және кайтарымды;
мерзімі бойынша - қыска мерзімді;
сыйлықақы мөлшері бойынша — пайыссыз болып табылады.
Агенттің шығындарын жабу - бағдарлама әкімгерінің қаражаты есебінен.
Тармақ 3
3. Міндеттемелердің мерзімі, тәртібі, кайтару нысаны ақшалай, тауармен, астықпен және тағы баскалар) және қамтамасыз етілуі жөніндегі шарттар Агент және ауылшаруашылық тауарендіруші арасындағы келісім-шартпен және олардың арасындағы кепілдік келісім-шартпен анықталады.
Тармақ 4
4. Кепілдік келісім-шартты жасау және оны ЖЖМ алушылар есебінен мемлекеттік органдарда тіркеуді камтамасыз ету аудандардың әкімияттарына жүктеледі.
Тарау 2. 2. Қаржыландыру көздері
2. Қаржыландыру көздері
Тармақ 5
5. Несиелеуге арналған қаражат республикалық бюджеттен (бұдан әрі - РБ) облыстық бюджеттерге бөлінеді.
Тармақ 6
6. Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері негізіңде қалалар мен аудандар бюджеттерінен қосымша каражат бөлінуі мүмкін.
Тарау 3. 3. Карызгерлерді несиелеудің тетігі
3. Карызгерлерді несиелеудің тетігі
Тармақ 7
7. Облыстық әкімият РБ түскен ақшалай қаражатты және өз қаражатын бағдарлама әкімшісі арқылы Агентке бөледі, ол өз кезегінде ауылшаруашылық тауарөндірушілеріне ақшалай қаражатты тікелей бөлуді, олар үшін ЖЖМ жабдықтаушыларға жанар-жағармай материалдарына төлем төлеу жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Несиенің сомасы оны толық өтегенге дейінгі қарызгердің Агент алдындағы берешегі болып табылады.
Тарау 4. 4. Ауылшаруашылық тауарөндірушілерін ЖЖМ сатып алу үшін несиелеу жөніндегі Агентті белгілеу және оның функциялары.
4. Ауылшаруашылық тауарөндірушілерін ЖЖМ сатып алу үшін несиелеу жөніндегі Агентті белгілеу және оның функциялары.
Тармақ 9
9. Ауылшаруашылық тауарөндірушілеріне ЖЖМ сатып алу үшін ақшалай қаражат бөлу жөніндгі Агентті облыс әкімияты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар арасынан белгілейді.
Тармақ 10
10. Агенттін функциялары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) облыстың аудандары мен қалалары әкімдерінен ауылшаруашылық тауарөндірушілері - әлуетті қарызгерлер туралы ақпараттар жинау;
Тармақша 2
2) ЖЖМ жабдықтаушылармен және қарызгерлермен ЖЖМ төлем төлеу және жабдықтауға келісім-шарттар жасау;
Тармақша 3
3) жабдықтаушыларға ЖЖМ кұнын төлеу жолымен ауылшаруашылық тауарөндірушілерін несиелеу бойынша тікелей қаржылық қаражат бөлу;
Тармақша 4
4) қарызгерлердің несиелерін қайтаруын қамтамасыз ету және оны мемлекеттік бюджетке аудару.
Тарау 5. 5. ЖЖМ жабдықтаушыларды белгілеу тәртібі
5. ЖЖМ жабдықтаушыларды белгілеу тәртібі
Тармақ 11
11. ЖЖМ жабдықтаушылар (бұдан әрі — Операторлар) конкурстық негізде белгіленеді.
Тармақ 12
12. Конкурсты конкурстық комиссия өткізеді, оның кұрамын облыстың әкімияты бекітеді. Операторлардың конкурсқа катысулары үшін негізгі талаптары мыналар болып табылады, мұнай өнімдерін жеткізу, сақтау және босату үшін қажетті материалдық-техникалық базаның және инфрақұрылымның болуы немесе қол жеткізу (жалға алу, лизинг, жауапты сақтау туралы және т.б.). Сондай-ақ конкурстық кұжаттар белгілеген басқа да талаптардың қойылуы мүмкін.
Тармақ 13
13. Жеңімпаздарды анықтайтын негізгі өлшем тауардың бағасы және жеткізу мерзімі болып табылады. Конкурстық комиссия кажет болған жағдайда жеңімпаздарды анықтайтын басқа өлшемдерді де белгілей алады.
Тармақ 14
14. Конкурстың қорытындысы бойынша Агент және Оператор өздерінің арасындағы қатынастарды реттейтін Келісім жасайды.
Тарау 6. 6. Жанар-жағар май материалдарын алушы-ауылшаруашылық тауарөндірушілерін анықтау
6. Жанар-жағар май материалдарын алушы-ауылшаруашылық тауарөндірушілерін анықтау
Тармақ 15
15. ЖЖМ (соңғы карызгерлер) сатын алу үшін несиелік қаражат алуға құқы бар ауылшаруашылық тауарөндірушілерінің тізімін және оларды несиелеудің лимиттерін осы ережелердің 16- тармағының талаптарымен каржылай көмек алуға кандидат сәйкес болған жағдайда аудандар мен калалардың әкімияттары бекітеді,
Тармақ 16
16. Ауылшаруашылық тауарөндіруші, жер оған негізгі өндіріс құралы болып табылатын немесе қызметі ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үшін жерді пайдаланумен байланысты, заңды немесе жеке тұлға болуы керек,
Тарау 7. 7. Несиелеу лимитін белгілеу
7. Несиелеу лимитін белгілеу
Тармақ 17
17. Аудандар бойынша несиелік каражаттың барынша толық көлемін облыстық бюджеттен бөлінген қаражатты ескере отырып, облыс үшін бекітілген жоғары лимиттер шеңберінде облыс әкімі белгілейді.
Тармақ 18
18. Ауылшартауарөндіруші үшін несиелеу лимиті сол аудан үшін белгіленген лимиттен шыға отырып белгіленеді.
Тармақ 19
19. Соңғы қарызгер несиесінің сомасы конкурс нәтижесінде белгіленген баға бойынша жанар-жағармай материалдарының Агенті оған төлеген құн ретінде белгіленеді.
Тарау 8. 8. Қорытынды ережелер
8. Қорытынды ережелер
Тармақ 20
20. Агент бөлетін несиелік қаражаттардың мақсатты пайдаланылуына және белгіленген мерзімде өтелуіне бақылау жасауды бағдарламалар әкімгері, соңғы карызгердің несиелік қаражаттарының мақсатты пайдаланылуына және өтелуіне бақылау жасауды Агент жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Аудандық (қалалық) бюджет қаржысы есебінен жергілікті атқарушы органдар жасайтын несиелік келісім шарттары жасалған күнінен бастап үш күн мерзім ішінде Қостанай облысының қаржы департаментінде міндетті тіркелуге жатады.
Басқа 41. Көктемгі дала жұмыстарын несиелеу
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімиятының
2001 жылғы 2 мамырдағы
№ 54 қаулысына 2-қосымша
Көктемгі дала жұмыстарын несиелеу
Рет №
Қалалар мен аудандар
атауы
Несиелеу көлемі
(мың теңге)
1
Алтынсарин
38 185
2
Әулиекөл
62 000
3
Денисов
35 014
4
Жітіқара
57 981
5
Қамысты
105 000
6
Қарасу
113 464
7
Қостанай
88 862
8
Қарабалық
50 500
9
Меңдіқара
63 523
10
Сарыкөл
72 636
11
Таран
53 000
12
Ұзынкөл
67 000
13
Федоров
36 767
14
Арқалық қаласы
48 000
15
Қостанай қаласы
8 998
Жиынтығы:
900 998