О внесении дополнений в решение областного маслихата от 20 декабря 2002 года № 8 «О Программе профилактики правонарушений и борьбы с преступностью в Актюбинской области на 2003-2004 годы», зарегистрированное за № 1938 от 20 января 2003 года Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 20 қаңтарда № 1938 тіркелген 2002 жылғы
20 желтоқсандағы № 8 «Ақтөбе облысында құқық бұзушылықтың алдын алу мен
қылмысқа қарсы күрестің 2003 – 2004 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облыстық мәслихатының 20.12.2004 № 1/5-282 хаты.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1430 «Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы» Қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы № 8 «Ақтөбе облысында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы» шешіміне (2003 жылғы
30 қаңтардағы № 11-12 «Ақтөбе») мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Ақтөбе облысында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын» іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарында:
1. «Құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қорғау» тарауында:
рет саны 11-інші жол 11-1, 11-2 және 11-3 жолдарымен толықтырылсын:
«11-1. Көшедегі таксофондар желісін кеңейту, қалалардың және басқа да ірі елді мекендердің көшелерін,
аулалары мен кіреберістерін
жарықтандыру жөніндегі
жұмыстарды жалғастыру
Облыс
әкімиятына
ақпарат
Жыл
сайын
Аудандар мен
Ақтөбе қаласының әкімдері
1,0
»;
«11-2. Полиция учаскелік инспекторларының штат санын қолда бар тиесілі нормаларына дейін кезең-кезеңмен жеткізу
шараларын қабылдау
Облыс
әкімиятына
ақпарат
2003 жыл
2004 жыл
«Облыстық
қаржы басқармасы» ММ, облыстық ІІБ (келісім бойынша)
9470,0
»;
«11-3. Ажырасу, ата-ана құкығынан айыру кезінде және кәмелетке толмағандарға қатысты басқа да жағдайларда олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауда қамқоршы және қамқорлық органдарының осы саладағы қызметіне ерекше көңіл бөлуді қамтамасыз ету
Облыс
әкімиятына
ақпарат
Тоқсан
сайын
Аудандар мен
Ақтөбе қаласының әкімдері,
облыстық ІІБ
(келісім бойынша)
»;
3. «Маскүнемдік, алкоголизм және нашақорлықпен күрес бойынша алдын алу» тарауында:
рет саны 25-інші жол 25-1 және 25-2 жолдарымен толықтырылсын:
«25-1. Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқорлыққа душар болған адамдарды мәжбүрлеп емдеуге арналған қолданыстағы мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерінің төсек-орындар санын кеңейту шараларын қабылдау
Облыс
әкімиятына
ақпарат
Жарты
жылда
1 рет
«Облыстық денсаулық сақтау
басқармасы» ММ, «Облыстық қаржы басқармасы» ММ, облыстық ІІБ (келісім бойынша)
»;
«25-2. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарының орын санын қажетті деңгейге дейін көбейту, әлеуметтік байланыстарды жоғалтқан азаматтарды еңбек және тұрмыстық орналастыру
жөнінде шаралар алу
Облыс
әкімиятына
ақпарат
Жыл
сайын
«Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ,
облыстық ІІБ (келісім бойынша)
»;
4. «Терроризммен, экстремизмнің өзге де көріністері және заңсыз көшіп қонумен күрес» тарауында:
рет саны 28-інші жол 28-1 және 28-2 жолдарымен толықтырылсын:
«28-1. Жыл сайын "Мигрант" облыстық жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу
Облыс
әкімиятына
ақпарат
Жарты
жылда
1 рет
Ақтөбе облысы
бойынша ҰҚКД,
облыстық ІІБ, көліктегі ІІБ, облыстық кеден басқармасы (келісім бойынша)
»;
«28-2. Шетелдік азаматтардың заңсыз көшіп келуінің жолын кесу мақсатында жергілікті бюджеттерде оларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығарып жіберу үшін
каражаттар көздеу
Облыс
әкімиятына
ақпарат
2003 жыл
2004 жыл
«Облыстық қаржы
басқармасы» ММ, облыстық ІІБ, көліктегі
ІІБ, облыстық кеден
басқармасы (келісім
бойынша)
1,0
»;
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары О. Г. Химчукке жүктелсін.