О внесении изменений и дополнений в решение областного маслихата от 20 декабря 2002 года № 9 «О региональной Программе по борьбе с наркоманией и наркобизнесом в Актюбинской области на 2002-2003 годы и составе региональной комиссии по борьбе с наркоманией и наркобизнесом», зарегистрированное за № 1939 от 20 января 2003 года Қолданыста
Басқа 0
Облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 20 қаңтарда № 1939 тіркелген 2002 жылғы
20 желтоқсандағы № 9 «Ақтөбе облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2002-2003 жылдарға арналған аймақтық Бағдарлама және нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 20 желтоқсандағы № 9 «Ақтөбе облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2002-2003 жылдарға арналған аймақтық Бағдарлама және нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссияның дербес құрамы туралы» («Актюбинский вестник» 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 11-12) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Голубев Юрий Петрович облыстық білім басқармасы бастығының
орынбасары;
Смағұлов Аманкелді «Ақтөбе» газетінің редакторы
(келісім бойынша);
мына жол:
«Брязгалов Юрий Андреевич - Тәртіптік кеңестің мүшесі»
«комиссия төрағасының орынбасары» сөзімен толықтырылсын;
көрсетілген комиссияның құрамынан: Әділғазы Наурызұлы Өтегенов,
Аманкелді Мектепбайұлы Мектепбаев, Зейнолла Кемейдллаұлы Төлеубаев
шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім қол қойылған күннен күшіне енеді.