О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2003 года N 281 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 20 наурыздағы N 281 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесiн және өкілдiк шығындардың нормаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 наурыздағы N 281 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесiнде: 2-тармақтың 1) тармақшасында "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң шешiмiмен көзделген жағдайларда" деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақтың бiрiншi абзацы "Премьер-Министрiнiң шешiмiмен ресiмделетiн" деген сөздерден кейiн "iс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасына шақырылатын тұлғалардың қонақ үйде тұруына және баратын пунктiне дейiнгi көлiктiк шығындарына ақы төлеуге," деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.