О внесении изменений в постановление акимата города Уральска от 20 февраля 2003 года № 133 «О создании Градостроительного Совета» (рег.№ 2036 от 24.03.2003г) Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қала құрылысы жөніндегі қалалық кеңес құру туралы» Орал қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 20 ақпандағы № 133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (24.03.2003 жылғы тіркеу №2036) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алып, қадрлардың өзгеруіне байланысты қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қала құрылысы жөніндегі қалалық кеңесін құру туралы" Орал қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 20 ақпандағы N 133 қаулысына (2003 жылғы 24 наурыздағы тіркеу N 2036, "Пульс" газетінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 15, 2003 жылғы 24 сәуірдегі N 1; "Жайық үні" газетінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі N 15 сандарда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: N 1 қосымшада Қала құрылысы кеңесінің құрамына: Сәбила Қуанғалиқызы Нұржанова - Батыс Қазақстан облысы бойынша сәулет және құрылыс басқармасының бас маманы Қала құрылысы кеңесінің мүшесі болып (келісім бойынша); Юрий Иванович Ряснов - "Тұрғын үй" МКҚК директоры, Қала құрылысы кеңесінің мүшесі болып (келісім бойынша); Ақылбек Борашұлы Әмірғалиев - Орал қаласының инфрақұрылым және құрылыс бөлімі сәулет-жоспарлау бөлімінің бастығы, Қала құрылысы кеңесінің хатшысы болып енгізілсін; Мағзон Нұғманұлы Исенғалиев, Наталья Юрьевна Филиппова Қала құрылысы кеңесінің құрамынан шығарылсын.
Тармақ 2
2. Қала құрылысы кеңесінің өзгертілген құрамы қалалық мәслихаттың сессиясына бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Батыс Қазақстан облысы бойынша Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтпегендіктен "Қала құрылысы жөніндегі қалалық Кеңесін құру туралы" 2003 жылғы 20 ақпандағы Орал қаласы әкімдігінің N 133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Орал қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы N 84 қаулысы бұзылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары В. Л. Лянға жүктелсін.