О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 20 мая 2003 года № 218 "Об утверждении Правил заполнения временной таможенной декларации и таможенного оформления с использованием процедуры временного декларирования" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
№ 2347 болып тiркелген "Уақытша кедендiк декларацияны толтыру және уақытша декларациялау рәсiмдерiн пайдалана отырып кедендiк ресiмдеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы № 218 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Кеден кодексiнiң 53 және 387-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Уақытша кедендiк декларацияны толтыру және уақытша декларациялау рәсiмдерiн пайдалана отырып кедендiк ресiмдеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы № 218 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiсi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2347 болып тiркелген және "Ресми газеттiң" 2003 жылғы 20 қыркүйекте № 38 санында жарияланған, Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 8 шiлдедегi № 299 бұйрығымен енгiзiлген өзгерiстерiмен) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Уақытша кедендiк декларацияны толтыру және уақытша декларациялау рәсiмдерiн пайдалана отырып кедендiк ресiмдеудiң ережесiнде: 5-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "5. Кодекстiң 55 және 439-баптарына сәйкес кеден органдары тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы iс жүзiнде өткiзiлуiне бақылауды өткiзу пункттерiнде және тауарларды кедендiк бақылау орындарда жүзеге асырады."; 7-тармақта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "3) кедендiк бақылау орындары - коммерциялық есептеу құралдарын орнату орындарында орналасқан өткiзу пункттерi және құбыр көлiгiмен және электр беру желiсi бойынша өткiзiлетiн тауарларды қабылдап алу-тапсыру пункттерi;"; 4) тармақша алынып тасталсын; 5), 6) және 7)-тармақшалар мынадай редакцияларда жазылсын: "5) тауардың жалпы салмағы - балластпен салмағы; 6) тауардың таза салмағы - балласты есептеп шығарылған салмағы; 7) балласт - судың массалық үлесiнiң (%), механикалық қоспалардың және Қазақстан Республикасында қолданыстағы мемлекеттiк салалық стандарттары (ГОСТ) бойынша зертханалық талдау жолымен анықталған басқа да және құраушылардың массалық үлесiнiң (%) құрамы;"; 8-тармақ "тасымалдаушы" деген сөзден кейiн "және орындаушы" деген сөздермен толықтырылсын; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "2. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарларды құбыр көлiгiмен және электр беру желiлерi бойынша өткiзу кезiндегi алдын ала операциялар мен кедендiк рәсiмдер"; 10-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "1) кеден органдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткендiгi туралы хабардар ету;"; 3) тармақшада "орны бойынша" деген сөздер "орнына дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының кеден шекарасына құбыр көлiгiмен және электр беру желiлерi бойынша тауарларды әкету кезiндегi кедендiк рәсiмдеуге мынадай кедендiк операциялар кiредi: 1) жөнелту кеден органын, уақытша жүк кедендiк декларацияны, құжаттарды және мәлiметтердi ұсыну жолымен тауарларды өткiзудi жүзеге асыратын адам оларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге әкету ниетi туралы хабарлайды; 2) кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыру; 3) тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасындағы өткiзу пунктiне дейiн жеткiзу; 4) тасымалдаушының кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi ұсынуы жолымен межелi кеден органын хабардар етуi; 5) тауарларды iс жүзiнде Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан тысқары әкету."; 12-тармақтың 2) тармақшасындағы "сыртқы экономикалық қызмет номенклатурасының 27-тобында топтастырылған" деген сөздер мен "және (немесе)" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 13-1-тармағымен толықтырылсын: "13-1. Уақытша кеден декларациясы кеден органына жеткiзу басталғанға дейiн ұсынылады."; 21-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "1) бiрiншi парақ - кеден органында қалдырылады және арнайы мұрағатта сақталады;"; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: "1-1) екiншi парақ - кеден органында қалады және кедендiк бақылау мақсатында пайдаланылады;" 23-тармақта "Мәлiмделген өткiзу кезеңi iшiнде тауарларды УЖКД-да көрсетiлгеннен аз мөлшерде әкеткен (әкелген) жағдайда, мынадай тауарлар оларды кейiннен жеткiзу кезiнде декларациялауға жатады." деген екiншi сөйлем алынып тасталсын; 26-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "Тауарлардың қалған мөлшерi олардың алдағы уақытта жеткiзiлуi бойынша аталған кеден органында кедендiк ресiмдеуге жатады".; 27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Декларант УЖКД мәлiмделген тауарлар легi жеткiзiлгеннен кейiнгi күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей, бiрақ УЖКД тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк тоқсан күннен асырмай ТЖКД беруге мiндеттi. Тауарларды бағаны айқындау талаптары бар шарт бойынша өткiзу кезiнде, меншiк құқығын Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының шегiнен тыс жерлерге беру кезiнде көрсетiлген мерзiм баға мен мөлшердi айқындау үшiн пайдаланылатын коносамент, қабылдап алу-тапсыру актiсi ресiмделген күннен бастап есептеледi. Егер декларацияланатын тауарлар легiне бiрнеше көлiктiк құжат жасалса, көрсетiлген мерзiм соңғы көлiктiк құжат ресiмделген күннен бастап есептеледi."; 28-тармақтың үшiншi абзацы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын: "1-1) ТЖКД-ның 31-бағанында күнтiзбелiк ай және жыл, сондай-ақ сатып алушыға iс жүзiнде берiлген тауардың мөлшерi көрсетiле отырып, "... iшiнде өткiзу" деген қосымша жазба жасалады."; 29-тармақтың бесiншi және алтыншы абзацтарында "ТЖКД" деген аббервиатураны "УЖКД" деген аббервиатурамен ауыстырылсын; 30-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын; 32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "32. Уақытша кедендiк декларация берiлген кезде нақты сатып алушы айқындалмаған жағдайда, кеден органының рұқсатымен бiр сыртқы сауда шарты (келiсiм-шарты) шеңберiнде тауарлар беруге бiр уақытша кедендiк декларация берiлiп, кейiннен нақты сатып алушылардың саны бойынша бiрнеше толық кедендiк жүк декларациясы мен сатып алу-сату шарты (келiсiм-шарты) берiледi. Бұл жағдайда мәмiле паспорты әрбiр шартқа жеке ресiмделедi. Бұл жағдайда ТЖКД-ның тiркеу нөмiрiнде екiншi сан бiр ЖКД-да бiрнеше ТЖКД-ның ұсынылғандығын бiлдiредi (мысалы, УД № 50300/10011/0000007, ТД № 50300/15021/0100007, ТД № 50300/22021/0200007 және тағы басқа). Бiрнеше ТЖКД бойынша ресiмделген мұнай көлемi УЖКД бойынша ресiмделген мұнай көлемiнен асуы мүмкiн емес."; 33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "33. Осы Ереженiң 32-тармағында көрсетiлген ресiмдеу тәртiбi межелi елдi және өткiзу пункттерiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайларда да таратылады."; мынадай мазмұндағы 35-1, 35-2-тармақтарымен толықтырылсын: "35-1. ТЖКД-ны құбыр көлiгiмен және электр беру желiлерiмен өткiзiлетiн сатып алушыға iс жүзiнде берiлген тауарлар табиғи тозу немесе жоғалудың салдарынан саны мен жай-күйiнiң өзгерiстерiмен, не тасымалдаудың, тасу мен сақтаудың қалыпты жағдайы кезiнде табиғи қасиеттерiмен, көлiк құралдарында төгiлмейтiн қалдықтардың болуы салдарынан тауарлар санының өзгерiстерiмен бiрге, сондай-ақ тасымалдаудың технологиялық ерекшелiктерi мен тауарлардың ерекше қасиеттерi салдарынан болатын тауарлар жай-күйiнiң өзгерiстерiмен бiрге кедендiк ресiмдеуге жатады. ТЖКД-ны ресiмдеу тауарларды кедендiк бақылау орындарында тасымалдаушы тiркеген мөлшерге көлемге сәйкес (1, 2, 3-қосымшалар) жүзеге асырылады. Бұл ретте, тасымалдаушы, экспорттаушы (импорттаушы) ұсынатын жедел, коммерциялық және көлік құжаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы кеден органының талабы бойынша басқа да мәлiметтер пайдаланылады. 35-2. Кеден органдары тауарлардың Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы құбыр көлiгiмен және электр беру желiлерiмен iс жүзiнде өткiзiлуiне бақылау жасауды Кодекстiң 55, 439-баптарына сәйкес 1, 2, 3-қосымшаларда анықталған өткiзу пункттерiнде және тауарларды кедендiк бақылау орындарда жүзеге асырады."; 40, 41-тармақтар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 4-1-тарауымен толықтырылсын: "4-1. Құбыр тасымалы мен электр беру желiлерi бойынша өтетiн тауарлардың транзитi 41-1. Халықаралық электр беру желiсi бойынша Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы шектес елдердiң электр энергиясының ағындарын декларациялау, олардың электр беру желiлерi бойынша шектес елдердiң кеден аумағы арқылы Қазақстандық электр энергиясының ағындары сияқты тең, энергия жүйесiнiң параллель жұмыстары кезiнде, иелерi туралы, есептеу кезеңiндегi ағындар көлемi және электр энергиясының шартты құны туралы мәлiметтердi ұсыну жолымен "тауарлар транзитi" кеден режимiнде декларант УЖКД немесе ЖКД-ың ұсынбастан жүргiзiледi. 41-2. Құбыр желiсiмен және электр энергия беру желілерi арқылы өткiзiлетiн тауарлардың транзитін декларациялауды жөнелтушi (сатушы), алушы (сатып алушы), жөнелтiлетiн ел, межелi ел, тауарлардың мөлшерi, құны туралы мәлiметтер берiле отырып және өткiзу пункттерi көрсетiле отырып 9-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кеден органдарын хабардар ету жолымен тауарлардың өткiзiлуi басталғанға дейiн оңайлатылған тәртiппен отандық өткiзушi немесе кеден брокерi жүзеге асырады. Бұл ретте хабарламаларды тiркеу 10-қосымшаға сәйкес белгiленген нысандағы журналда жүргiзiледi. Тауарлар өткiзiлген айдың соңғы күнiнен бастап 30 күннен кешiктiрiлмей есептi кезең iшiнде әрбiр арналы құбыр желiсi мен электр беру желiлерi бойынша тауарлардың транзиттiк көлемi партиясына арналған ЖКД толтырылады."; 44-тармақ "УЖКД "деген сөздердiң алдынан "Кодекстiң 531-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын; 54-тармақтағы "5-шi күнi" деген сөздер "10-шы күнi" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 9-1-қосымшасымен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң Энергия ресурстарына кедендiк бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Н.Ғ.Досмұратова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.І.Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi төрағасының орынбасары Б.Т.Әбдiшевке жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы ресми жарияланған күнiнен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы құбыр желісімен өткізілетін мұнайды кедендік бақылау орындары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 28 қыркүйектегі № 382 бұйрығына 1-қосымша Уақытша кедендік декларацияны толтыру және уақытша декларациялау рәсімдерін пайдалана отырып кедендік ресімдеудің ережесіне 2-қосымша Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы құбыр желісімен өткізілетін мұнайды кедендік бақылау орындары Ке­ден­дік ба­қы­лау ор­ны­ның ко­ды Мұ­най­ды құ­быр өт­кі­зу жүй­е­сіне қа­был­дап алу-тап­сы­ру пунк­ті Мұ­най өт­кі­зу 001 "Қа­лам­қас" НПС Қа­лам­қас-Қа­ра­жан­бас-Ақ­тау 002 "Қа­ра­жан­бас" НПС Қа­лам­қас-Қа­ра­жан­бас-Ақ­тау 003 "Та­у­шық" НПС Қа­лам­қас-Қа­ра­жан­бас-Ақ­тау 004 "Ақ­тау" НПС Қа­лам­қас-Қа­ра­жан­бас-Ақ­тау 005 "Же­ті­бай" НПС Ақ­тау-Өзен 006 "Өзен" ГН­ПС Өзен-Аты­рау-Са­ма­ра 007 "Бей­неу" ЛПДС Өзен-Аты­рау-Са­ма­ра 008 "Құл­са­ры" НПС Өзен-Аты­рау-Са­ма­ра 009 "Мар­ты­ши" НПС Өзен-Аты­рау-Са­ма­ра 010 Аты­рау мұ­най өт­кі­зу бас­қар­ма­сы Өзен-Аты­рау-Са­ма­ра 011 "Ин­дер" НПС Өзен-Аты­рау-Са­ма­ра 012 "Боль­шой Ча­ган" НПС Өзен-Аты­рау-Са­ма­ра 013 "Тең­гиз" ГН­ПС Өзен-Аты­рау-Са­ма­ра 014 "Қа­ра­тон" НПС Өзен-Аты­рау-Са­ма­ра 015 "Қос­ша­ғыл" НПС Өзен-Аты­рау-Са­ма­ра 016 НПС-3 Өзен-Аты­рау-Са­ма­ра 017 "Сай-Утес" ПП Өзен-Аты­рау-Са­ма­ра 018 "Опор­ный" ПП Өзен-Аты­рау-Са­ма­ра 019 "Дун­га" ПСН Өзен-Аты­рау-Са­ма­ра 020 "Тас­бу­ла­тойл" ПСН Өзен-Аты­рау-Са­ма­ра 021 "Ар­ман" ТҚП Өзен-Аты­рау-Са­ма­ра 022 "Тең­гиз" ГН­ПС КТК-К 023 "Аты­рау" НПС КТК-К 024 "Кең­қи­яқ" ЛПДС Кең­қи­яқ-Аты­рау 025 "Ма­қат" НПС Кең­қи­яқ-Аты­рау 026 "Кең­қи­яқ" ЛПДС Жа­ңа­жол-Кең­қи­яқ-Орск 027 "Те­мір" НПС Жа­ңа­жол-Кең­қи­яқ-Орск 028 6-НПС Жа­ңа­жол-Кең­қи­яқ-Орск 029 7-НПС Жа­ңа­жол-Кең­қи­яқ-Орск 030 "Құм­көл" НПС Омск-Пав­ло­дар-Шым­кент-Чар­джоу 031 "Қа­ра­қой­ын" НПС Омск-Пав­ло­дар-Шым­кент-Чар­джоу 032 "При­ир­тыш­ская" ТҚП Омск-Пав­ло­дар-Шым­кент-Чар­джоу Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы құбыр желісімен өткізілетін газ конденсатын кедендік бақылау орындары Ке­ден­дік ба­қы­лау ор­ны­ның ко­ды Газ кон­ден­са­тын қа­был­дап алу-тап­сы­ру пунк­ті (ТҚП) Газ кон­ден­са­тын есеп­теу то­ра­бы Кон­ден­сат өт­кі­зу 033 Ақ­сай ТҚП Өл­шеу то­ра­бы ГП - 3 "Қа­ра­шы­ға­нақ Пет­ро­ли­ум Опе­рей­тинг Б.В." Қа­ра­шы­ға­нақ - Орен­бург Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы құбыр көлігімен өткізілетін, мұнайдың саны мен сапасы туралы қосымша көмекші мәліметтер ретінде Қазақстан Республикасының кеден органдары қабылдайтын көліктік құжаттар ресімделетін Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнайды өткізу ПУНКТТЕРІ Ке­ден­дік ба­қы­лау ор­ны­ның ко­ды Мұ­най ай­дау стан­ци­я­сы (МАС) мұ­най тап­сы­ру-қа­был­дап алу пунк­ті (ТҚП) Мұ­най са­ны мен са­па­сы көр­сет­кі­шін өл­шеу жүй­е­сі бар мұ­най­ды есеп­теу то­ра­бы (МСӨЖ) (МЕТ)) Мұ­най құ­бы­ры 034 ТҚП Орск МЕТ (МСӨЖ) № 447 және (неме­се) ре­зер­ву­ар­лар Жа­ңа­жол- Кең­қи­яқ-Орск 035 Са­ма­ра МАС МЕТ (МСӨЖ) № 719 және (неме­се) ре­зер­ву­ар­лар Өзен-Аты­рау- Са­ма­ра 036 Аст­ра­хан МАС МЕТ (МСӨЖ) № 23РК - А002 және (неме­се) ре­зер­ву­ар­лар КТК-Р 037 Сус­ло­во МАС Ре­зер­ву­ар­лар ТОН - II 038 ТҚП Омск (МСӨЖ) № 13 ТОН - II Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы құбыр көлігімен өткізілетін мұнай өнімдерін қабылдап алу және кедендік бақылау ОРНЫ Ке­ден­дік ба­қы­лау ор­ны­ның ко­ды Мұ­най­ды құ­быр өт­кі­зу жүй­е­сіне қа­был­дап алу-тап­сы­ру пунк­ті Мұ­най өнім­де­рін өт­кі­зу­дің ата­уы 001 "Пет­ро­павл" ӨЖДС Омск - Уфа 002 "Пет­ро­павл мұ­най­ба­за­сы" АҚҰ Омск - Уфа
Басқа 2. №___ ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 28 қыркүйектегі № 382 бұйрығына 2-қосымша Уақытша кедендік декларацияны толтыру және уақытша декларациялау рәсімдерін пайдалана отырып кедендік ресімдеудің ережесіне 9-1-қосымша №___ ХАБАРЛАМА Осы Ескерту "тауарларды өткiзу мерзiмi көрсетiледi" iшiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Кеден кодексiнiң 219-бабына сәйкес "тауарлардың атауы" тауарлар транзитiн жүргiзу ниетi туралы Жөнелтушi ел _______________________________________________ Жөнелтушi __________________________________________________ Жөнелтушiнiң мекен-жайы ____________________________________ Межелi ел __________________________________________________ Алушы ______________________________________________________ Алушының мекен-жайы ________________________________________ Тауардың шыққан елi ________________________________________ Кеден брокерi ______________________________________________ Кеден брокерiнiң мекен-жайы ________________________________ Брокердiң банктiк реквизиттерi _____________________________ Тасымалдаушының атауы (орындаушы) __________________________ Тасымалдаушының мекен-жайы (орындаушы) _____________________ Тасымалдаушының банктiк реквизиттерi _______________________ Көлiк түрi _________________________________________________ Шекарадағы кеден ___________________________________________ Тауар коды _________________________________________________ Тауардың сипаттамасы _______________________________________ Жалпы салмағы _______________, Таза салмағы ________________ Валюта коды _________________, валюта бағамы _______________ Кедендiк құн ________________, жалпы кедендiк құны _________ Статистикалық құны _________________________________________ Тауарға iлеспе құжат: 1. 2. 3. 4. 5. 6. Кедендік баждар мен алымдарды есептеу: Тү­рі Есеп­те­удің негі­зі Став­ка­сы Со­ма­сы СП Еуро бағамы ________ Ор­ны және кү­ні Ұй­ым Орын­да­у­шы Қо­лы Мө­рі Ке­ден­дік ба­қы­лау