О внесении изменений и дополнений в решение районного маслихата от 20 декабря 2004 года № ВС-12-1 «Правила единовременных материальных выплат отдельным категориям граждан за счет средств районного бюджета» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жақсы ауданының 2004 жылдың 20 желтоқсандағы № ВС-12-1 «Аудан бюджетінің қаржысының есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін біржолғы материалдық төлемақылардың Ережесі» шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағына, Бюджеттік Кодексінің 53 бабы 1 тармағының 4 тармақшысына сәйкес, аз қамсыздандырылған азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында, аудан әкімдігінің № А-2/45 2006 жылдың 10 наурыздағы қаулысы бойынша аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жақсы ауданының 2004 жылдың 20 желтоқсанындағы №ВС-12-1 «Аудан бюджетінің қаржысының есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін біржолғы материалдық төлемақылардың Ережесі» шешіміне төмендегідей өзгерістермен толықтылулар енгізілсін. Бірінші қызыл жолдан кейін келесі мазмұнмен толықтырылсын: «Осы ереже Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына және оралмандарға таратылады»; бірінші бөлімінің 3 тармағындағы «Жақсы аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халыкты әлеуметтік қорғау» сөздерін «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» сөздерімен ауыстырысын; бірінші бөлімінің 5 тармағындағы «біржолғы материалдық төлемді жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды» сөзін, «қаржыландыру бойынша аудан бюджетінің қаржысынан ақша бөлуге, құжаттарды пысықтауға қайтаруға, немесе ақшалай қаржыны бөлден бас тартуға шешім қабылдайды» сөзімен ауыстырылсын; бірінші бөлімінің 6 тармағын 7) және 8) тармақшамен толықтырылсын: «7) мүгедектерге біржолғы материалдық төлем, дәрігерлік әлеуметтік сараптамалық (ДӘС) ұсынылымымен оңалтудың жеке бағдарламасына ( ОЖБ) келісімді, мүгедектерге біржолғы материалдық төлем»; «8) Ұлы Отан соғысы, интернационалист-әскерилер, тылда еңбек еткендерге сауықтыру үшін төленетін біржолғы материалдық төлем, сонымен қатар ¥лы Отан соғысы ардагерлері және интернационалист-әскерилерге ағымдағы басылымдарға жеңілдікпен жазылуға»; бірінші бөлімінің 7 тармағын келесі редакцияда жазылсын: «Біржолғы материалдық төлемақы отбасы мүшесіне (азаматқа) жылын бір рет ақша түрінде беріледі»; екінші бөлімде «азаматтарға» сөзінің алдында кірісі ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен» сөзі қосылсын; екінші бөлімінің 8 тармағы алынып тасталып, келесі редакцияда жазылсын: «Жұмыссызды (жұмыспен қамту сұрағы бойынша уәкілетті ұйымда тіркеуде тұрмайтындар), жан басына шаққандағы бір айдағы кіріснің қөлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары болмайтын аз қамсыздандырылған азаматтарды жерлеуге берілетін біржолғы материалдық төлемакы»; екінші бөлімнің 11 тармағындағы 3) тармақша алынып тасталсын, ал 8) тармақша: «Тұрғын үй-тұрмыс жағдайын тексеру актісі» тармақшасымен ауыстырылсын; төртінші бөлімінің 15 тармақшасындағы «кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамсыздандырылған азаматтар» сөзі «белгілі жағдайға байланысты әлеуметтік көмекке өте мұқтаж азаматтардың жеке санатына (әрі қарай мәтін бойынша) жағдайдың ауырлығына байланысты»; төртінші бөлімінің 16 тармағына 4) тармақша қосылсын: «Жеке бас куәлігінің көшірмесі, НТН, тұрғылықты жерден анықтама»; бесінші бөлімінің 17 тармағы алынып тасталып, келесі редакцияда жазылсын: «Сауықтыруға берілетін біржолғы материалдық төлемақы алуға емделуге (сомаға жолақы кіреді), қажетті дәрі-дәрмек алуға, дәрігерлік тексерістен өтуге жолдама алған мүгедектер құқылы; алтыншы бөлімінің 19 тармағында «жеке тұрғын үй» сөзінен кейін «пешпен жылытатын» сөзі қосылсын; алтыншы бөлімінің 20 тармағын 5) тармақшамен толықтырылсын: «Жеке бас куәлігінің көшірмесі, НТН»; жетінші бөлішнің 21 тармағында «аз қамсыздандырылған, көп балалы азаматтар» сөзі алынып тасталып, «кірісі ең төменгі күн көріс деңгейінен жоғары болмайтын азаматтар аз қамсыздандырылған отбасылар, көпбалалы отбасылар» сөзімен ауыстырылсын; жетінші бөлімнің 22 тармағы 3) тармақшамен келесі мағынада толықтырылсын: «Жеке бас куәлігінің қөшірмесі, НТН, тұрғылықты жерден анықтама». Осы Ереженің 8 бөлімін келесі редакцияда жазылсын: «8 бөлім дәрігерлік әлеуметтік сараптамалы ( ДӘС) ұсынылған оңалтудың жеке бағдарламасына келісімді (ОЖБ) мүгедектерге бір жолғы материалдық төлем». сегізінші бөлім 23, 24 тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын: «23. Мүгедектерге біржолғы материалдық төлем алуға құқық оңалтудың жеке бағдарламасына келісімді беріледі»; «24. Біржолғы материалдық төлемақы тағайындау үшін: 1. өтініш; 2. ОЖБ көшірмесі қажет. Осы Ереженің 9-шы бөлімі келесі редакцияда жазылсын: 9 бөлім. Азаматтардың жекелеген санатып сауықтыруға, сонымен қатар басылымдарға жазылуға біржолғы материалдық төлемақы; 9-шы бөлімді 25, 26 тармақтармен келесі мағнада толықтырылсын: «25. Сауықтыруға берілетін біржолғы материалдық төлемге ¥лы Отан соғысына қатысушылар, интернационалист-әскерилер, тылда еңбек еткендер құқылы, Республикалық мәні бар ағымдағы басылымдарға жеңілдікпен жазылуға соғысқа қатысушылар және әскери-интернационалистер құқылы»; «26. Біржолғы материалдық төлемді тағайындау үшін төмендегідей құжаттар қажет: 1) өтініш; 2) Дәрігерлік консультация комиссиясының (ДКК) емдеумекемесінің санаторлық-курорттық емдеуге мұқтаждығы туралы санаторияның түрін көрсетілген қорытындысы; 3) жеке бас куәлігінің көшірмесі; 4) біржолғы төлем алушы екенін растайтын құжаттың көшірмесі; 5) санаторлық-курорттық карта; 6) тұргылықты жерден көшірме».
Тармақ 2
2. Осы шешім Жақсы ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен және бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шыққанан кейін күшіне енеді. Келісілді: Аудан әкімі: Е.Нұрмығанов Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы: Қ.Дүзелбаев Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы: Л.Сейдахметов