О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 20 февраля 2004 года № 3-1-550п "Об утверждении Правил оказания социальной помощи семьям, имеющим детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 20 февраля 2004 года № 3-1-550п "Об утверждении Правил оказания социальной помощи семьям, имеющим детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому"
- Атауы (қаз.)
- "Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету Қағидасын бекiту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 3-1-550қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 158-280
- Қабылданған күні
- 21.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 07.11.2017 78265_261474.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14A0000804
- ЭКБ идентификаторы
- 78265
- Редакция идентификаторы
- 78265_261474
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:47
0 "Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету Қағидасын бекiту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 3-1-550қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 10 және 11-баптарына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16, 29-баптарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету Қағидасын бекiту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 3-1-550қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 10 наурызда № 314 болып тіркелген, 2004 жылғы 30 наурызда № 41 «Астана хабары», 2004 жылы 30 наурызда № 35 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету Қағидасында (бұдан әрі – Қағида):
Қағиданың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Қағида Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі заңдарына сәйкес әзірленді»;
11-тармақ мынадай редакцияда жасылсын:
«11. «Астана қаласының Бiлiм басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң жанындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестiң мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және/немесе оқыту қажеттiлiгi туралы қорытындысында көрсетiлген мерзiмде, бірақ оны алуға құқығының пайда болған уақытынан бұрын емес, әлеуметтiк көмектi тағайындауға хабарласқан айдан бастап жүзеге асырылады».».
2
2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста, Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.