О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 20 декабря 2005 года 149 «О районном бюджете Камыстинского района на 2006 год» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 149 «Қамысты ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қамысты ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 149 "Қамысты ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 9-11-21, 2006 жылғы 27 қаңтардағы № 4-5 "Новый путь - Бозторғай" , бұрын аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 161 "Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 149 "Қамысты ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 9-11-23, 2006 жылғы 10 ақпандағы № 7 "Новый путь - Бозторғай", 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 165 "Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 149 "Қамысты ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 9-11-24, 2006 жылғы 24 ақпандағы № 9 "Новый путь - Бозторғай", 2006 жылғы 12 сәуірдегі № 177 "Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 149 "Қамысты ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 9-11-30, 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 21 "Новый путь - Бозторғай", 2006 жылғы 10 мамырдағы 191 "Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 149 "Қамысты ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 9-11-38, 2006 жылғы 9 маусымдағы № 27 "Новый путь - Бозторғай", 2006 жылғы 29 маусымдағы № 194 "Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 149 "Қамысты ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 9-11-39, 2006 жылғы 4 тамыздағы № 35 "Новый путь - Бозторғай", 2006 жылғы 1 тамыздағы № 204 "Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 149 "Қамысты ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", мемлекеттік тіркеу тізілімінде і нөмірі 9-11-40, 2006 жылғы 4 қыркүйектегі № 38 "Новый путь - Бозторғай") шешімдерімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген: көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2006 жылға арналған аудандық бюджет мынадай көлемдерде 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін: 1) кірістер - 510184 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 228909 мың теңге; салықтан тыс түсімдер - 488 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - -3298 мың теңге; алынған ресми трансферттер бойынша - 277489 мың теңге; 2) шығындар - 518283 мың теңге; 3) операциялық сальдо - -8099 мың теңге; 4) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге; 5) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 5210 мың теңге; 6) тапшылық - -13309 мың теңге; 7) тапшылықты қаржыландыру - 13309 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік қаржылар қалдықтарының қозғалысы - 13309 мың теңге"; көрсетілген шешімнің 4 тармағының 1, 2 абзацтары жаңа редакцияда жазылсын: "4. 2006 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен алынатын ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін: аз қамтылған жанұялардан 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 11515 мың теңге сомасында»; көрсетілген шешімнің 5 тармағының 2, 4, 8, 9 абзацтары жаңа редакцияда жазылсын: "жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелерінің үлгі штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге 21026 мың теңге сомасында; орта жалпы білім берудің мемлекеттік мекемелерін Интернет желісіне қосуға және трафигін төлеуге 2084 мың теңге сомасында; мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге 271 мың теңге сомасында; жеке көмекшілерге қызмет көрсетулерді беруге 76 мың теңге сомасында"; көрсетілген шешімнің 5 тармағы келесі мазмұндағы 10 абзацпен толықтырылсын: "орта жалпы білім беретін мемлекеттік мекемелеріндегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтармен қамтамасыз етуге 3497 мың теңге сомасында".
Тармақ 2
2. Осы шешім 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қамысты ауданының 2006 жылға арналған бюджеті
Мәслихаттың 2006 жылғы 8 қарашадағы № 214 шешіміне 1-қосымша Қамысты ауданының 2006 жылға арналған бюджеті