О внесении изменений в решение маслихата от 20 декабря 2005 года № 139 «О районном бюджете Карасуского района на 2006 год» Қолданыста
Басқа 0
«Қарасу ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 139 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарасу ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Қарасу ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 139 шешіміне өзгерістер енгізілсін (2006 жылғы 6 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 3530, «Қарасу өңірі» 2006 жылғы 10 акпандағы № 3), бұрын «Қарасу ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 139 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихатының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 150 шешімімен (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3536, «Қарасу өңірі» 2006 жылғы 3 наурыздағы № 6), бұрын «Қарасу ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 139 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихатының 2006 жылғы 15 наурыздағы № 156 шешімімен (мемлекеттік тіркеу нөмірі № 9-13-05, «Қарасу өңірі» 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 12) шешіміне өзгерістер енгізілді.
Көрсетілген шешімінің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2006 жылға арналған аудандық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мыналар бойынша бекітілсін:
1) кірістер - 765352 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 259079 мың теңге;
алынған ресми трансфертер - 496777 мың теңге, оның ішінде ағымдағы облыстық бюджеттен субвенциялар - 367539 мың теңге;
2) шығындар - 701986 мың теңге;
3) операциялык сальдо - 63366 мың теңге;
4) жергілікті атқару органының борышын өтеуге бағытталған бюджет профициті - 63366 мың теңге;
5) профицитті пайдалану - 63570 мың теңге.
Көрсетілген шешімге қосымша осы шешімінің қосымшасына сәйкес жана редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Қарасу ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеу сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 3