О внесении изменений в решение маслихата от 20 декабря 2005 года № 139 «О районном бюджете Карасуского района на 2006 год» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қарасу ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджетi туралы» мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 139 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы Қарасу ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1.«Қарасу ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджетi туралы» мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 139 шешіміне өзгерістер енгізілсін (2006 жылғы 6 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 3530, «Қарасу өңірі» 2006 жылғы 10 ақпандағы № 3), бұрын «Қарасу ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 139 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихатының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 150 шешімімен (2006 жылғы 2 ақпандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі № 3536, «Қарасу өңірі» 2006 жылғы 3 наурыздағы № 6), бұрын «Қарасу ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 139 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихатының 2006 жылғы 15 наурыздағы № 156 шешімімен (2006 жылғы 24 мамырдагы мемлекеттік тіркеу нөмірі № 9 -13-05, «Қарасу өңірі» 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 12), бұрын «Қарасу ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 139 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихатының 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 165 шешімімен (2006 жылдағы 24 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу нөмірі № 9-13-07, «Қарасу өңірі» 2006 жылғы 19 мамырдағы № 15), бұрын «Қарасу ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 139 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихатының 2006 жылғы 7 маусымдағы № 181 шешімімен (2006 жылғы 22 маусымдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі № 9-13-13, «Қарасу өңірі» 2006 жылғы 30 маусымдағы № 20), бұрын «Қарасу ауданының 2006 жылға арналған бюджеті туралы» мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 139 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихатының 2006 жылғы 4 шілдедегі № 198 шешімімен (2006 жылғы 17 шілдедегі мемлекеттік тіркеу нөмірі № 9-13-14, «Қарасу өңірі» 2006 жылғы 28 шілдедегі № 23) шешiмiне өзгерiстер енгiзiлді. Көрсетiлген шешімінің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2006 жылға арналған аудандық бюджетi 1 қосымшаға сәйкес мыналар бойынша бекітілсін: 1) кірістер – 770302 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсімдер – 259079 мың теңге; алынған ресми трансфертер – 501727 мың теңге, оның iшiнде ағымдағы облыстық бюджеттен субвенциялар – 367539 мың теңге; 2) шығындар – 695936 мың теңге; 3) операциялық сальдо – 74366 мың теңге; 4) қаржы активтермен операциялар бойынша сальдо – 11000 мың тенге; 5) жергілікті атқару органының борышын өтеуге бағытталған бюджет профициті – 63366 мың теңге; 6) профицитті пайдалану – 63570 мың теңге. Көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімінің қосымшасына сәйкес жана редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді. Келісілді: «Қарасу ауданы бойынша салық комитеті» мемлекеттік мекемесінің төрағасы ________________ Ғ. Шоқметов «Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының міндетті атқарушысы ________________ Е. Бухаленко «Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы ________________ Л. Евсюкова
Басқа 3
Мәслихатының 2006 жылғы 10 тамыздағы № 205 шешіміне қосымша