О реализации решения Карасуского районного маслихата от 20 декабря 2005 года № 139 «О районном бюджете Карасуского района на 2006 год» Қолданыста
Басқа 0
«Қарасу ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Қарасу аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 139 шешімін іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Қарасу ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Қарасу аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 139 шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3530) сәйкес, «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
Тармақша 1
1) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерде қайтыс болған кәмілет жасқа толмаған балаларды жерлеуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерде қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) мүгедек-балаларды компьютерлік томографта қаралуымен байланысты есеп айырысу құжаттары негізінде қаралу бағасынан жүз пайыз мөлшерінде шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерде туберкулезбен ауыратын азаматтарды емханалық емделу кезеңінде қосымша тамаққа бір жолғы жыл сайындык әлеуметтік көмек;
Тармақша 5
5) Жеңіс күніне Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 5 000 теңгеден және соларға теңестірілген адамдарға - 1 000 теңгеден бір жолғы жыл сайындық әлеуметтік көмек;
Тармақша 6
6) Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық мұқтаждықтарына (моншалар және шаштараздар) 350 теңгеден ай сайындык әлеуметтік көмек;
Тармақша 7
7) Ұлы Отан Соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға «Костанайские новости» немесе «Қостанай таңы» газеттеріне жазылуын ресімдеуге, телефонды орнатуға әлеуметтік көмек;
Тармақша 8
8) Ұлы Отан Соғысы, еңбек ардагерлерінің мерейтойына 5000 теңгеден 10000 теңгеге дейін әлеуметтік көмек;
Тармақша 9
9) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген үйде тәрбиелеп және оқып жаткан мүгедек-балаларға айлық есептік көрсеткіштін үш еселенген мөлшерде әлеуметтік көмек;
Тармақша 10
10) шұғыл әлеуметтік қолдауда мұқтаж еткен (емделу, тұрмыстық мұқтаждықтар, апатты кесапаттар және басқалар) отбасыларға жылына бір реттен көп емес, ерекше жағдайларда емделуге - жылына екі рет 30000 теңгеге дейін бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 11
11) аудандык бюджет қаражаттар есебінен Қарт адамдардың күніне және Мүгедектер күніне 500 теңгеден бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 12
12) аудан мүқтаж ететін мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының жоғары және орта-арнайы оқу орындарында оқуын төлеу үшін орта жалпы білім беретін ұйымдардың түлектеріне әлеуметтік көмек;
Тармақша 13
13) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген «Қарасу ауданының құрметті азаматы» атағын иелеген тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген мөлшерде бір жолғы әлеуметтік көмек.
Тармақ 2
2. «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу жөніндегі уәкілетті органы болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Мыналар белгіленсін:
Тармақша 1
1) құжаттар 1-тармағының 5, 6) тармақшаларды қоспағанда әлеуметтік көмекті көрсету жөніндегі аудандық комиссиясымен, 1-тармағының 7, 8) тарамақшалар аудандық Ардагерлер кеңесінің қолдаухаты бойынша қаралады;
Тармақша 2
2) кәмілет жасқа толмаған балаларды жерлеуге ата-ананың біреуіне немесе өзге де заңды өкілге егер еңбекке қабілеттілігі бар әкесі (бала асырап алушы) бала қайтқан күніне уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда әлеуметтік көмек тағайындалады;
Тармақша 3
3) өлердің алдында уәкілетті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелген қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындалады;
Тармақша 4
4) мүгедек-балаларды компьютерлік томографта тексеруімен байланысты шығындарды өтеуге мүгедек-баланың ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне отбасының табыстарына қарамастан әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді;
Тармақша 5
5) үйде тәрбиелеп және оқып жатқан мүгедек-балаларға материалдык қамтамасыз етуді алуға құқығын дәлелдейтін оқу жоспарына және құжаттарға сәйкес әлеуметтік көмек көрсетіледі;
Тармақша 6
6) уәкілетті органымен берілген тізімдерге сәйкес екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың сәйкестік түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар болған ұйымдар арқылы әлеуметтік көмекті алушылардың жеке есепшоттарына ақшалай қаражаттарды аудару жолымен әлеуметтік көмектің төлемдері жүзеге асырылады.
Аудан аумағында тұрақты тұратын тұлғалар бір жолғы әлеуметтік көмектің алушылары болып табылады.
Тармақ 4
4. Тағайындалған әлеуметтік көмектің төлемі алушының қайтыс болған немесе ауданның шегінен тұрақты тұрғын орынға көшіп кеткен сәттен бастап тоқтатылады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі уәкілетті органымен бекітіледі.
Тармақ 6
6. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарлама бойынша әлеуметтік көмектің қаржыландырылуы жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Осы қаулы 2006 жылдың 1 қаңтардан бастап колданыска енгізіледі.