О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 20 декабря 2005 года № 149 «О районном бюджете Камыстинского района на 2006 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 149 "Қамысты ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы"
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қамысты ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 149 "Қамысты ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-11-21, 2006 жылғы 27 қаңтардағы № 4-5 "Новый путь-Бозторғай"), бұрын мәслихаттың 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 161 "Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 149 "Қамысты ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-11-23), мәслихаттың 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 165 "Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 149 "Қамысты ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімімен өзгерістер енгізілген (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-11-24).
Көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2006 жылға арналған аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 479777 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша- 211187 мың тенге;
салықтан тыс түсімдер - 308 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2200 мың теңге;
ресми трансферттерден алынған - 266082 мың теңге;
2) шығындар - 493086 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -13309 мын тенге;
4) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге;
5) қаржы активтермен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге;
6) тапшылық - 13309 мың теңге;
7) тапшылықты қаржыландыру - 13309 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік қаржылар қалдықтарының қозғалысы - 13309 мың теңге".
Көрсетілген шешімнің 6 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 399 мың теңге сомасында".
Көрсетілген шешім мынадай мазмұндағы 12 тармақпен толықтырылсын:
"12. Аудандық бюджетті дамытудың 2006 жылға арналған бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін".
Басқа 2
Басқа 3