О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 20 декабря 2005 года № 154 «О районном бюджете Сарыкольского района на 2006 год» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Сарыкөл ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 154 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 20 наурыздағы № 112 қаулысын қарастырып Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Сарыкөл ауданының 2006 жылға арналған аудандык бюджеті туралы» Сарыкөл аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 154 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-17-18, «Сарыкөл», 2006 жылғы 3 ақпандағы, 17 ақпандағы , № 5, №7); бұрын енгізілген өзгертулер: 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 162 «Сарыкөл ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Сарыкөл аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 154 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-17-19, «Сарыкөл», 2006 жылғы 10 ақпандағы №6): 1-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын: «Келесі көлемде 2006 жылға арналған аудандық бюджеті бекітілсін: 1) кірістер- 619398 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 213812 мың теңге; салыққа жатпайтын түсімдер бойынша - 429 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер -1500 мың теңге; алынған ресми трансферттер бойынша - 401557 мың теңге; мемлекеттік каржы активтерін сатудан түсімдерге- 2100 мың теңге ; 2) шығындар - 527843 мың теңге; оның ішінде жергілікті аткарушы органның резерві - 60 мың теңге; 3) операциялық сальдо - 91555 мың теңге; 4) бюджет профициті - 91555 мың теңге; 5) бюджеттің профицитін пайдалану - - 91555 мың теңге». Көрсетілген шешімнің 1 қосымшалары жаңа редақцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Аталған шешім заң органдарында тіркелген күнінен күшіне енеді.
Басқа 3