О внесении изменений в решение маслихата от 20 декабря 2005 года № 177 «О районном бюджете Карабалыкского района на 2006 год» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 177 «Қарабалық ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қарабалық ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-ІІ Бюджеттік кодексінің 111-бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 177 «Қарабалық ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер еңгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-01, «Айна» 2006 жылғы 5 қаңтарда № 1, 13 қаңтарда № 2 жарияланды, мәслихаттың 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 191 «Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 177 «Қарабалық ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімімен бұрын өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-03, «Айна» аудандық газетінде арнайы шығаруда 2006 жылғы 2 ақпандағы № 2 жарияланды, мәслихаттың 2006 жылғы 3 наурыздағы № 197 «Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 177 «Қарабалық ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімімен бұрын өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-06, «Айна» аудандық газетінде арнайы шығаруда 2006 жылғы 28 наурыздағы № 4 жарияланды, мәслихаттың 2006 жылғы 31 наурыздағы № 212 «Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 177 «Қарабалық ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімімен бұрын өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-11, «Айна» аудандық газетінде арнайы шығаруда 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 6 жарияланды): көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2006 жылға арналған аудандық бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 717486 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 314881 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 2264 мың теңге; негізгі капиталды сатудан алынатын түсімдер - 10600 мың теңге; ресми трансферттер түсімдері бойынша - 389741 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен алынған субвенция бойынша - 215594 мың теңге; 2) шығындар - 659302 мың теңге; 3) операциялық сальдо - 57344 мың теңге; 4) бюджеттің профициті - 57344 мың теңге; 5) қаржылау активтерімен операциялар жөніндегі сальдо - 840 мың теңге; 6) бюджет профицитін пайдалану - 57344 мың теңге».
Тармақ 2
2. Осы шешім 2006 жылдың 21 мамырынан бастап іс-қимылға енеді.
Басқа 3