О внесении изменений в решение маслихата от 20 декабря 2005 года № 177 «О районном бюджете Карабалыкского района на 2006 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 177 «Қарабалық ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарабалық ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-ІІ Бюджеттік кодексінің 111 бабына, Қостанай облыстык мәслихатының 2006 жылғы 21 шілдедегі № 332 «Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 6 желтоксандағы № 258 «Қостанай облысының 2006 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімімен, Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 шілдедегі № 246 «Қостанай облыстық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» 2005 жылғы 6 желтоқсандағы № 258 «Қостанай облысының 2006 жылға арналған облыстык бюджеті туралы» қаулысына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 177 «Қарабалық ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-01, «Айна» 2006 жылғы 5 қаңтарда № 1, 13 қаңтарда № 2 жарияланды, мәслихаттың 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 191 «Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 177 «Қарабалық ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімімен бұрын өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-03, «Айна» аудандық газетінде арнайы шығаруда 2006 жылғы 2 ақпандағы № 2 жарияланды, мәслихаттың 2006 жылғы 3 наурыздағы № 197 «Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 177 «Қарабалық ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімімен бұрын өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-06, «Айна» аудандық газетінде арнайы шығаруда 2006 жылғы 28 наурыздағы № 4 жарияланды, мәслихаттың 2006 жылғы 31 наурыздағы № 212 «Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 177 «Қарабалық ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімімен бұрын өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-11, «Айна» аудандық газетінде арнайы шығаруда 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 6 жарияланды, мәслихаттың 2006 жылғы 6 мамырдағы № 230 «Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 177 «Қарабалық ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімімен бұрын өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-13, «Айна» аудандық газетінде арнайы шығаруда 2006 жылғы 25 мамырдағы № 7 жарияланды, мәслихаттың 2006 жылғы 7 маусымдағы № 233 «Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 177 «Қарабалык ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімімен бұрын өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-16, «Айна» аудандық газетінде арнайы шығаруда 2006 жылғы 20 маусымдағы № 8 жарияланды):
1) көрсетілген шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2006 жылға арналған аудандық бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 731414 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдер - 314881 мың теңге;
салық емес түсімдер - 2264 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан алынатын түсімдер - 10600 мың теңге;
ресми трансферттер түсімдері бойынша - 403669 мың теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен алынған субвенция бойынша - 215594 мың теңге;
2) шығындар - 673230 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 58184 мың теңге;
4) бюджеттің профициті - 57344 мың теңге;
5) қаржылау активтерімен операциялар жөніндегі сальдо - 840 мың теңге;
6) бюджет профицитін пайдалану - 57344 мың теңге»;
көрсетілген шешімнің 3 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге қарастырылатын аудандық бюджетте қаражат есебінен, табысы аз отбасыларынан 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге шығындар 13371 мың теңге сомасында, оның ішінде облыстық бюджеттен трансферттер есебінен - 12430 мың теңге, аудандық бюджет қаражаты есебінен - 941 мың теңге қарастырылғаны есепке алынсын»;
көрсетілген шешімнің 4 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2006 жылға арңалған аудандық бюджеттің кірісінде облыстык бюджеттен мақсатты ағымды трансферттер 66637 мың теңге сомасында қарастырылды, оның ішінде:
мемлекеттік қызметшілеріне, мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындары қызметкерлеріне еңбек ақысын көтеруге 30119 мың теңге сомасында, оның ішінде:
мүгедектер қажет ететін арнайы гигиеналық кұралдармен қамтамасыз етуге - 97 мың теңге;
жеке көмекшілер қызметін беруге - 645 мың теңге;
білім ұйымдарының типтік штаттарын күтіп ұстауға - 21623 мың теңге;
жалпы орта білімдері мемлекеттік мекемелерінің кітапхана қорын жаңарту үшін оқулықтарды және оқулық-әдістемелік кешендерін сатып алуға және жеткізуге - 1685 мың теңге;
жалпы орта білімнің мемлекеттік мекемелерінде лингафондық және мультимедийный кабинеттерін құруға - 2385 мың теңге;
тестілеу пункттеріне балаларды жеткізуіне, тұруға және тамақтандыруын ұйымдастыруға - 545 мың теңге;
интернет желісіне қосуға және орта білімнің жалпы орта мемлекеттік мекемелерінің трафигін төлеуге - 2475 мың теңге;
жалпы орта білімі мемелекеттік мекемелерінде 2006 жылға физика, химия, биология кабинеттерін оқулық жабдықтарымен жабдықтауға 4230 мың теңге;
әкімшілік функцияларын беретін мемлекеттік басқару деңгей арасындағы өкілеттігін шектеу шегінде - 2833 мың теңге;
«Қарабалық ауданының ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі жөнінде - 875 мың теңге;
«Қарабалық ауданының жер қатынасы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жөнінде - 1958 мың теңге;
мақсатты трансферттер 84405 мың теңге сомасында, оның ішінде:
сумен жабдықтау жүйесін дамытуға - 24781 мың теңге;
мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына - 13824 мың теңге;
инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыруға - 45800 мың теңге»;
көрсетілген шешімнің 3 қосымшасы осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2006 жылдың 28 шілдеден бастап іс-қимылға енеді.
Басқа 3
Басқа 4