Қолданыстағы ред. 14.04.2006

Сарыағаш аудандық мәслихаттың 20 желтоқсан 2005 жылғы № 19-1-241 «2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 14.04.2006 г. № 22-1-281 (Сарыағаш аудандық мәслихаттың 20 желтоқсан 2005 жылғы № 19-1-241 «2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Сарыағаш аудандық мәслихаттың 20 желтоқсан 2005 жылғы № 19-1-241 «2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасының Заңына және 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-II Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 29 наурыз 2006 жылғы № 23/241-III шешіміне сәйкес, Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 10 сәуіріндегі № 303 қаулысымен 2006 жылға арналған аудандық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын қарай келіп, аудандық мәслихаттың сессиясы ШЕШТІ:

1

1. 2005 жылғы 20 желтоқсандағы аудандық мәслихаттың «2006 жылға арналған аудандық бюджет туралы» (Сарыағаш аудандық әділет басқармасында 2005 жылдың 26 желтоқсанда № 14-11-36 нөмірімен тіркелген, «Сарыағаш» газетінің 2006 жылғы 4 қаңтардағы № 1 санында жарияланған және Сарыағаш аудандық әділет басқармасында 2006 жылдың 24 қаңтарында № 14-11-43 нөмірімен тіркелген, «Сарыағаш» газетінің 2006 жылғы 1 ақпанындағы № 10 санында жарияланған №20-2-253, Сарыағаш аудандық әділет басқармасында 2006 жылдың 4 сәуірінде №14-11-49 нөмірімен тіркелген, «Сарыағаш» газетінің 2006 жылғы 12 сәуіріндегі № 33 санында жарияланған № 21-7-261 шешімдерімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) № 19-1-241 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 -тармақта
1) тармақшадағы:
«4011607» сандары «4017607» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
«4025293» сандары «4040293» сандарымен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы:
«-13686» сандары «-14688» сандарымен ауыстырылсын;
2) Аталған шешімнің №1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2

2. Осы шешім Сарыағаш аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейінгі 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізілсін.

3