О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 20 декабря 2005 года № 197 «О районном бюджете Узункольского района на 2006 год» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 197 «Ұзынкөл ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің қаулысын қарастырып, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 197 "Ұзынкөл ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" (2005 жылғы 30 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-12, 2006 жылғы 26 қантардағы № 4 «Нұрлы жол») шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін, "Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 197 "Ұзынкөл ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 214 (2006 жылғы 30 қантардағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-14, 2006 жылғы 23 ақпандағы № 8 «Нұрлы жол»); "Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 197 "Ұзынкөл ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 27 ақпандағы № 217 (2006 жылғы 13 наурыздағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-16) шешімдерімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген: 1) осы шешімнің 1 -тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: "1. Ұзынкөл ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті мынадай көлемдерде 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін: 1) кірістер - 756 855 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер -169 343 мың теңге; салыққа жатпайтын түсімдер - 344 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер- 25 651 мың теңге; алынған ресми трансферттер - 561 517 мың теңге, оның ішінде, облыстық бюджеттен алынған субвенциялар - 245 891 мың теңге; 2) шығындар - 755 609 мың теңге; 3) операциялық сальдо - 1246 мың теңге; 4) таза бюджеттік кредиттеу - 0; 5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 1900 мың теңге; 6) бюджеттің тапшылығы - -654 мың теңге; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 654 мың теңге, оның ішінде бос бюджеттік қаражаттар есебінен - 654 мың теңге". 2) Көрсетілген шешімнің 7- тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: 2006 жылға арналған Ұзынкөл ауданы әкімдігінің резерві 6 585 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде: жергілікті атқарушы органның жедел шығындарына - 5 530 мың теңге; табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайларды жою үшін 1 055 мың теңге сомасында".
Тармақ 2
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелу мезеттен бастап күшіне енеді.
Басқа 3