О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 20 декабря 2005 года № 197 «О районном бюджете Узункольского района на 2006 год» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 197 «Ұзынкөл ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің қаулысын қарастырып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 197 «Ұзынкөл ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (2005 жылғы 30 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-12, 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 4 «Нұрлы жол») шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін, «Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 197 «Ұзынкөл ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 214 (2006 жылғы 30 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-14, 2006 жылғы 23 ақпандағы № 8 «Нұрлы жол»); «Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандагы № 197 «Ұзынкөл ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 27 ақпандағы № 217 (2006 жылғы 13 наурыздағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-16, 2006 жылғы 13 сәуірдегі №15 «Нұрлы жол»); «Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 197 «Ұзынкөл ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 05 сәуірдегі № 237 (2006 жылғы 10 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-19, 2006 жылғы 18 мамырдағы №20 «Нұрлы жол»); «Мәслихаттың 2005 жылғы 10 желтоқсандағы № 197 «Ұзынкөл ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 12 мамырдағы № 246 (2006 жылғы 23 мамырдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-23, 2006 жылғы 15 шілдедегі №24 «Нұрлы жол») шешімдерімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген: 1) осы шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: «1. Ұзынкөл ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті мынадай көлемдерде 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін: 1) кірістер - 762 083 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 169 343 мың теңге; салыққа жатпайтын түсімдер - 344 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 25 651 мың тенге; алынған ресми трансферттер - 566 745 мың теңге, оның ішінде, облыстық бюджеттен алынған субвенциялар - 245 891 мың теңге; 2) шығындар - 760 837 мың теңге; 3) операциялық сальдо - 1 246 мың теңге; 4) таза бюджеттік кредиттеу - 0; 5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 1 900 мың теңге; 6) бюджеттің тапшылығы - -654 мың теңге; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 654 мың теңге, оның ішінде бос бюджеттік қаражаттар есебінен - 654 мың теңге»; 2) 2-1-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалынсын: «3) Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 44 495 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер, оның ішінде: жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің үлгі штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге 24 253 мың теңге сомасында; білім берудің жаңадан енгізілген объектілерін ұстауға 8 502 мың теңге; тамақтануды, тұруды және балаларды тестілеу пунктілеріне жеткізуді ұйымдастыруға 439 мың теңге сомасында; жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелерін Интернет желісіне қосуға және олардың трафигін төлеуге 2 175 мың теңге сомасында; жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелеріне кітапханалық қорларын жаңарту үшін оқулық пен оқу-әдістемелік кешенін сатып алуға және жеткізуге 1 374 мың теңге сомасында; жалпы орта білім берудің мемлекеттік мекемелері үшін лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға 3 522 мың теңге сомасында; орта білім берудің мемлекеттік мекемелерінде физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтармен қамтамасыз етуге 4 230 мың теңге»; 3) 2-1-тармағының 4) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын: «4) мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде әкімшілік функцияларға берілетін 2 615 мың теңге, оның ішінде бағдарламалары бойынша «Қостанай облысының ауыл шаруашылығы департаменті» мемлекеттік мекемесі - 657 мың теңге, «Қостанай облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі - 1 958 мың теңге»; 4) көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: «4. Аудандық бюджетте қаражат есебінен алдын ала қарастырылган мемлекеттік атаулы әлеуметтік төленген көмек табысы аз отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдем ақылар төлеуге 14 072 мың теңге сомасында шығыстар ескерілінсін, оның ішінде республикалық трансфертер есебінен 13 075 мың теңге, аудандық бюджеттің қаражаты есебінен 997 мың теңге»; 5) көрсетілген шешімнің 7-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын: «7. 2006 жылға арналған Ұзынкөл ауданы әкімдігінің резерві 300 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде: жергілікті атқарушы органның жедел шығындарына 300 мың теңге».
Басқа 2