О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 20 декабря 2005 года № 197 «О районном бюджете Узункольского района на 2006 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 197 «Ұзынкөл ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ұзынкөл ауданы әкімдігінің қаулысын қарастырып, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 197 "Ұзынкөл ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" (2005 жылғы 30 желтоқсандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-12, 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 4 «Нұрлы жол») шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін, "Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 197 "Ұзынкөл ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 214 (2006 жылғы 30 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-19-14, 2006 жылғы 23 ақпандағы № 8 «Нұрлы жол») шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген:
1) осы шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. Ұзынкөл ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті мынадай көлемдерде 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін:
1) кірістер - 756855 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 169343 мың теңге;
салыққа жатпайтын түсімдер - 344 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 25651 мың теңге;
алынған ресми трансферттер - 561517 мың теңге, оның ішінде, облыстық бюджеттен алынған субвенциялар - 245891 мың теңге;
2) шығындар - 757509 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -654 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттеу - 0;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0;
6) бюджеттің тапшылығы - -654 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 654 мың теңге, оның ішінде;
қарыздардың түсімі - 0;
қарыздардың өтелуі - 0;
бюджет қаражатының бос қалдықтарының жылжуы - 654 мың теңге".
2) Көрсетілген шешімнің 7 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"7. 2006 жылға арналған Ұзынкөл ауданы әкімдігінің резерві 4241 мың теңге сомасында бекітілсін, оның ішінде:
жергілікті атқарушы органның жедел шығындарына - 3186 мың теңге;
табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайларды жою үшін 1055 мың теңге сомасында".
Тармақ 2
2. 2006 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламасының тізбесі, 2-косымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелу мезеттен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. Ұзынкөл ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті
Мәслихаттың
2006 жылғы 27 ақпандағы
№ 217 шешіміне 1-қосымша
Ұзынкөл ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті
Басқа 5. 2006 жылға арналған аудандық бюджеттің дамыту бюджеттік бағдарламалары тізбесі
Мәслихаттың
2006 жылғы 27 ақпандағы
№ 217 шешіміне 2-қосымша
2006 жылға арналған аудандық бюджеттің дамыту бюджеттік бағдарламалары тізбесі