О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 20 декабря 2005 года № 204 «О районном бюджете Мендыкаринского района на 2006 год» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Меңдіқара ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 204 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Меңдіқара ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Мендіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Меңдіқара ауданының 2006 жылғы арналған аудандық бюджеті туралы" мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 204 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу № 9-15-24 2005 жылғы 29 желтоқсан, аудандық "Меңдіқара үні" газетінде 2006 жылғы 26 қаңтарда № 4 санында жарияланды); бұдан бұрын Меңдікара аудандык мәслихаттың 2006 жылғы 12 қаңтардағы "Меңдіқара ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" мәслихаттың 2005 жылғы 20 каңтардағы № 204 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 217 шешімімен өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тіркеу № 9-15-27; Меңдікара аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 21 ақпандағы "Меңдіқара ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" мәслихаттың 2005 жылғы 20 каңтардағы № 204 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 227 шешімімен өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тіркеу № 9-15-30; Мендіқара аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 10 мамырдағы "Меңдіқара ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" мәслихаттың 2005 жылғы 20 қаңтардағы № 204 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 260 шешімімен өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тіркеу № 9-15-39; Меңдіқара аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 26 шілдедегі "Меңдіқара ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" мәслихаттың 2005 жылғы 20 қаңтардағы № 204 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 286 шешімімен өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тіркеу № 9-15-41. Аталмыш шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: "1. 2006 жылға арналған Меңдіқара аудандық бюджет, 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 213814 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 210334 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 1943 мың теңге; сатылған жердей түсімдер - 1537 мың теңге; ресми трансферттер түсімдері - 495816 мың теңге: оның ішінде облыстық бюджеттен субвенция - 377 350 мың теңге; 2) шығындар - 624304 мың теңге; 3) тапшылық - 2128 мың теңге, қаражаттық жыл басындағы 2128 мың тенге сомасындағы бос қалдықтарды тарту есебімен жабылады."
Тармақ 2
2. Аталмыш шешімнің 1 қосымша осы шешімнің 1 қосымша сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Меңдіқара аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.
Басқа 4