О реализации решения Костанайского городского маслихата от 20 декабря 2005 года № 205 "О бюджете города Костаная на 2006 год" Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай қалалық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 205 "Қостанай қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасындағы Бюджет кодексінің 64-бабының 3)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағына 1)-тармақшасына, Қостанай қалалық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 205 "Қостанай қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы" (тіркеу нөмірі 9-1-34) шешіміне сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, жергілікті бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
Тармақша 1
1) қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) қайтыс болған Кеңес Одағының Батыры, Социалистік Еңбек Ері атақтарына ие болған, Үш дәрежелі Даңқ, "Алтын Қыран", "Отан", "Даңқ" ордендерімен марапатталған, "Халық қаһарманы" атағына ие болған, Қазақстан Республикасының және Қазақ Социалистік Кеңес Республикасының, Қостанай қаласының құрметті азаматы деген атақтарына ие болған азаматтарды жерлеу үшін (бұдан әрі-әлеуметтік көмек марапатталған қайтыс болған адамдарды жерлеу үшін) тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің отыз есе көлемінде әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) Қостанай облысынан немесе Қазақстан Республикасының тыс жерлерде жалпы орта білім алу үшін арнайы түрдегі білім ұйымдарында оқитын көз сырқаты бойынша мүгедектерге тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде жыл сайынғы біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 5
5) бірінші топ мүгедегін сүйемелдеу үшін қала көлігімен жүруге тиісті жылға бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі есе көлемінде ай сайын әлеуметтік көмек;
Тармақша 6
6) мүгедек-балаларды және тұрмысы төмен отбасы балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығынды өтеу үшін есептік құжаттардың негізінде тексерілудің бағасынан жүз пайыз көлемінде әлеуметтік көмек;
Тармақша 7
7) амбулаторлық емделу кезінде қосымша тамақтануға туберкулезбен ауыратын азаматтарға тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес есе көлемінде жыл сайынғы біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 8
8) Қостанай қаласында тұратын "Қостанай қаласының құрметті азаматы" атағына ие болған адамдарға тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма сегіз есе көлемінде жыл сайынғы біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 9
9) оқу жылы мерзіміне үйде оқып, тәрбиеленетін мүгедек-балалар мен кемтар балаларға тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бес есе көлемінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек.
Тармақ 2
2. "Қостанай қаласы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан-әрі уәкілетті орган) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Мыналар белгіленсін:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешімді атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қалалық комиссия құжаттар қабылданған күннен бастап он күн ішінде қабылдайды;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмаған баланы жерлеу үшін еңбекке жарамды әкесі (ұл (қыз) асырап алушысы) баланың қайтыс болған күніне жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда, баланың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкіліне әлеуметтік көмек тағайындалады;
Тармақша 3
3) қайтыс болған кезде жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындалады;
Тармақша 4
4) қайтыс болған жұмыссыздарды және марапатталған адамдарды жерлеу үшін, қайтқан адамның отбасы мүшелеріне немесе өзге жерлеуші адамдарға әлеуметтік көмек төленеді;
Тармақша 5
5) мүгедек-балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығынды өтеу үшін отбасының табысына қарамастан мүгедек-балаларға ата-анасына немесе өзге заңды өкіліне, ал тұрмысы төмен отбасы балаларына отбасының жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен артық болмаса әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді;
Тармақша 6
6) үйде оқып, тәрбиеленетін кемтар және мүгедек-балаларға психологиялық-педагогикалық комиссия анықтамасының негізінде әлеуметтік көмек тағайындалады және төленеді. Кемтар және мүгедек-балалардың интернат-үйлерінде немесе санаторлық мектептерінде тұрған мерзіміне әлеуметтік көмек төлеу жүргізілмейді;
Тармақша 7
7) әлеуметтік көмек төлеу уәкілетті орган берген тізімдерге сәйкес тиісті банктік операйиялар жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының есеп шотына ақшалай қаражат аударумен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттардың тізімдемесін бекітсін.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
Тармақ 6
6. Қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиновқа жүктелсін.