Қолданыстағы ред. 10.04.2006

Бәйдібек аудандық мәслихатының 20 желтоқсан 2005 жылғы № 21/104 «2006 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 10.04.2006 г. № 26/133 (Бәйдібек аудандық мәслихатының 20 желтоқсан 2005 жылғы № 21/104 «2006 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Бәйдібек аудандық мәслихатының 20 желтоқсан 2005 жылғы № 21/104 «2006 жылға арналған аудан бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Заңына, 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-II «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне» және 6 сәуір 2006 жылғы аудан әкімдігінің №168 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. Бәйдібек аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы «2006 жылға арналған аудан бюджеті туралы» (Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық әділет басқармасында 2005 жылғы 28 желтоқсанда №14-5-13 нөмірімен тіркелген және 2006 жылғы 6 қаңтарда «Алғабас» газетінің 2 санында жарияланған, аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 16 қаңтардағы №23/119, 2006 жылғы 20 наурыздағы №25/131 шешімдерімен өзгеріс енгізілген) №21/104 шешіміне мына төмендегіше өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Кірістер» деген қатардағы «1708858» саны «1697858» деген санымен,
«Ресми трансферттер түсімі» деген қатардағы «1593515» деген саны «1582515» деген санымен;
«Шығындар» деген қатардағы «1709265» деген саны «1698265» сандарымен ауыстырылсын.

2

2. Аталған шешімнің №1 қосымшасы осы шешімнің №1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3

3. Осы шешім Бәйдібек аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енеді.

4