О внесении изменений и дополнений в постановление от 20 декабря 2005 года № 2141 «О создании жилищной комиссии» Қолданыста
Басқа 0
2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 2141 «Тұрғын үй
комиссиясын құру туралы»
қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1292 «Мемлекеттік түрғын үй пайдалану және жалға беру тәртібі тұралы» қаулысына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлан ауданының әкімдігінің 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 2141 «Түрғын үй комиссиясын құру туралы» (тіркеу № 12, 2006 жылы 14 каңтарда «Ұлан таңы» аудандық газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1- тармағында:
«комиссия төрайымының орынбасары» деген сөздері «комиссия төрағасы» сөздерімен өзгертілсін;
тұрғын үй комиссиясының құрамына:
Сайран Дуйсебаевна Жумжуменова - аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
Сайран Мубинбековна Чотпанова - аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы болып енгізілсін;
тұрғын үй комиссиясының құрамынан: Назигуль Усеровна Сейсембина, Халида Тураровна Балтабаева шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
А.Ахановқа жүктелсін.