О внесении изменений в решение Щучинского районного маслихата от 20 октября 2005 года № С-21/5 «Об определении мест на территории Щучинского района и города Щучинска для проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций» Қолданыста
Басқа 0
Щучье аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 қазандағы № С-21/5 «Щучье ауданының және Щучинск қаласының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу үшін орындар белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 7 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Нормативтік кұқықтық актілер туралы» Заңының 38 бабының 1 тармағы негізінде, бірнеше елді мекендердің есепті деректерден шығарылуына, сондай-ақ кейбір елді мекендер аталуының өзгертілуіне байланысты Щучье аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Щучье аудандық мәслихатының 2005 жылғы 20 қазандағы № С-21/5 «Щучье ауданының және Щучинск қаласының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу үшін орындар белгілеу туралы» (мемлекеттік тіркеу номері 1-19-47, 22 қазан 2005 жыл, 2005 жылғы 31 қазандағы № 87, «Луч», 2005 жылғы 3 қарашадағы № 44 «Бурабай газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Щучье аудандық мәслихатының аталған шешімінің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда беріліп және бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысы Щучье аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу үшін орындар:
Щучье аудандық мәслихатының
2007 жылғы 20 маусымдғы № С-41/4
шешіміне қосымша
Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу үшін орындар:
Щучинск қ., «Рахат» дүкені жанындағы аумақ (келісім бойынша)
Бурабай к., «Бурабай» Мемлекеттік Ұлттық табиғат паркінің Мәдениет үйі жанындағы аумақ
Оқжетпес с., «Оқжетпес» мәдениет үйі» МҚКК жанындағы аумақ
Қызылағаш с., «Абылайхан» АШК кеңсесі жанындағы аумақ (келісім бойынша)
Жаңа Қарабауыр с., село орталығы
Мезгілсор с., село орталығы
Ақылбай а., «Зеленобор» АШК кеңсесі жанындағы аумақ (келісім бойынша)
Озерное с, село орталығы
Веденовка с., «Веденовка» агрофирмасысының кеңсесі жанындағы аумақ (келісім бойынша)
Жаңатуған с., село орталығы
Қарабұлақ с., село орталығы
Федосеевка с., село орталығы
Златополье с., «Златополье» АШК кеңсесі жанындағы аумақ (келісім бойынша)
Савинка с., село орталығы
Сотниковка с., село орталығы
Первомай с., «Первомай» АШК кеңсесі жанындағы аумақ (келісім бойынша)
Новоандреевка с., село орталығы
Лесной Хутор с., село орталығы
Түлкілі с., село орталығы
Зеленый Бор с., «Жұлдыз» Ақмола облыстық оқыту-сауықтыру орталығының Мәдениет үйі жанындағы аумақ
Қымызынай с., қымыз кешені жанындағы аумақ
Молбаза с., «Маяк» дүкені жанындағы аумақ (келісім бойынша)
Мәдениет с., «Мәдениет» АШК кеңсесі жанындағы аумақ (келісім бойынша)
Жаңаталап с., дүкен жанындағы аумақ (келісім бойынша)
Қатаркөл с., «Аграрий» АШК кеңсесі жанындағы аумақ (келісім бойынша)
Сосновка с., село орталығы
Ключевое с., село орталығы
Вишневое с., село орталығы
Кенесары а., «Кэмпинг» кафесі жанындағы аумақ (келісім бойынша)
Разъезд № 17 с., село орталығы
Разъезд № 19 с., село орталығы
Вороновка с., «Воронов» АШК кеңсесі жанындағы аумақ (келісім бойынша)
Брусиловка с., село орталығы
Атамекен а., «Климов» АШК кеңсесі жанындағы аумақ (келісім бойынша)
Жасыл с., село орталығы
Қаражар а., село орталығы
Жаңажол с., село орталығы
Жарқайын с., село орталығы
Шиелі с., село орталығы
Наурызбай Батыр а., «Наурызбай» АШК кеңсесі жанындағы аумақ (келісім бойынша)
Ұрымқай с., «Ұрымқай» АШК кеңсесі жанындағы аумақ (келісім бойынша)
Дмитриевка с., село орталығы
Ынталы с., село орталығы
Кіндікқарағай с., село орталығы
Күлстан с., село орталығы
Қарашілік с., «Қарашілік» ЖШС кеңсесі жанындағы аумақ (келісім бойынша)
Красный Кордон с., Ұрымқай мемлекеттік мекемесінің орман шаруашылығы кеңсесі жанындағы аумақ
Көрнекті с., село орталығы
Успеноюрьевка с., село орталығы
Клинцы с., село орталығы
Үлгіалған с., село орталығы
Қарағай с., село орталығы
Николаевка с., «Николаев» АШК кеңсесі жанындағы аумақ (келісім бойынша)
Райгородок с., село орталығы.