О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 20 декабря 2005 года № 222 «О районном бюджете Федоровского района на 2006 год» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 222 «Федоров ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Федоров ауданы әкімдігінің қаулысын қарастыра отырып, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 222 «Федоров ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы», (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-20-11, 2006 жылғы 12 қаңтардағы № 2 «Федоровские новости» газетінде жарияланған) (бұрын енгізілген мәслихаттың шешімдерімен өзгерістер: 2006 жылғы 23 қаңтардағы № 230 «Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 222 «Федоров ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-20-15, 2006 жылғы 9 ақпандағы № 6 «Федоровские новости» газетінде жарияланған), 2006 жылғы 10 наурыздағы № 236 «Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 222 «Федоров ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-20-18, 2006 жылғы 6 сәуірдегі № 14 «Федоровские новости» газетінде жарияланған), 2006 жылғы 3 сәуірдегі № 248 «Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 222 «Федоров ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-20-19, 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 17 «Федоровские новости» газетінде жарияланған), 2006 жылғы 5 мамырдағы № 260 «Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 222 «Федоров ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-20-24, 2006 жылғы 25 мамырдағы № 21 «Федоровские новости» газетінде жарияланған)) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: 2006 жылға арналған аудандық бюджеті келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 618504 мың теңге, оның ішінде: салық түсімдер - 238810 мың теңге; салыққа жатпайтын түсімдер - 667 мың теңге; негізі капиталды сатудан түсетіндер - 5848 мың теңге; ресми трансферттерден түсетін түсетіндер - 373179 мың теңге; 2) шығындар - 619430 мың теңге; 3) операциялық сальдо - -926 мың теңге; 4) қаржы активтерінің операциясы бойынша сальдо - 7756 мың теңге; 5) бюджеттің тапшылығым қаржыландыруға бағытталған қаржы жылының басында тартылған еркін қалдықтарды тарту есебінен жабылатын тапшылығы 8682 мың теңге.».
Тармақ 2
2. 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 222 шешімінің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2006 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енеді.
Басқа 4. Федоров ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті
Мәслихаттың 2006 жылғы 6 шілдедегі № 279 шешіміне қосымша Федоров ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті