О реализации решения Федоровского районного маслихата от 20 декабря 2005 года № 222 «О районном бюджете Федоровского района на 2006 год» Қолданыста
Басқа 0
«Федоров ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Федоров ауданы мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 222 шешімін жүзеге асыру туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес «Федоров ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-20-11) Федоров ауданы мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 222 шешімін жүзеге асыру мақсатында Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жергілікті бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
Тармақша 1
1) осы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, қайтыс болған жұмыссыздарды және кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) осы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, туберкулезбен ауыратын тұлғаларға, емделуге мұқтажды есептік көрсеткіштің үш есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) осы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, дербес зейнеткерлерге айлық есептік көрсеткіштің бір есе көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) осы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, мүгедектер күніне 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 1000 (бір мың) теңге көлемінде, Чернобыль атомдық электрстанциясындағы апаттын салдарын жою жұмыстарына байланысты мүгедек болған 1, 2 және 3-топтағы мүгедектер үшін айлық есептік көрсеткіштің жиырма есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 5
5) осы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, үйде оқытатын мүгедек балаларға, айлық есептік көрсеткіштің екі есе көлемінде ай сайын әлеуметтік көмек;
Тармақша 6
6) осы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген, аз қамтылған, жан басына шыққандағы табысы күнкөріс деңгейінең төмен отбасыларына, айлық есептік көрсеткіштің төрт есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 7
7) білім ұйымдары түлектеріне жоғары немесе орта арнайы оқу орындарында Қазақстанның және орта арнайы оқу орындарында студенттер санынан жастарға нақты көлемінде оқу ақысын төлеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 8
8) тиісті білім бағдарламаларын үлгілі игерген, жергілікті бюджет қаражат есебінен оқуға байланысты шығындары өтелетін күндізгі жоғары немесе орта арнайы оқу орындарындағы аз қамтылған отбасылар студенттерге 10000 теңгеден аспайтын ай сайынғы әлеуметтік көмек.
Тармақ 2
2. «Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Мыналар белгіленсін:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек қайтыс болған кезде жұмыспен қамту мәселелері жөнінде уәкілетті органда ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген болса қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін тағайындалады және қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін отбасы мүшесіне немесе жерлеуші адамдарға төленеді;
Тармақша 2
2) әлеуметтік көмек қайтыс болған кәмелетке толмаған баланы жерлеу үшін еңбекке қабілетті әкесі (ұл (қыз) асырап алушысы) баланың қайтыс болған күніне жұмыспен қамту мәселелері жөнінде уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса, баланың ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкіліне тағайындалады;
Тармақша 3
3) табысы аз және коп балалы отбасының, ата-анасының қамқорынсыз қалған, бала жасынан мүгедек, дарынды балаларға әлеуметтік көмек тағайындалады;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмек тағайындау немесе одан әрі бас тарту шешім уәкілетті органмен құжаттар қабылданған күннен бастап он күн ішінде қабылданады;
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмек төлеу уәкілетті орган берген тізімдерге сәйкес тиісті банктік операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының жеке есеп шотына ақшалай қаражат аударумен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттардың тізімдемесін бекітсін.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
Тармақ 6
6. «Федоров ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» Федоров ауданы мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 222 шешімін жүзеге асыру туралы әкімдіктің 2005 жылғы 30 қаңтардағы № 65 қаулысы, «Федоров ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» «Федоров ауданы мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 222 шешімін жүзеге асыру туралы» әкімдігінің 2006 жылғы 30 қантардағы № 65 қаулысына толықтыру енгізу туралы» әкімдіктің 2006 жылғы 13 шілдедегі № 217 қаулысы жойылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.