О внесении изменений в решение маслихата от 20 декабря 2005 года № 231 «О районном бюджете Костанайского района на 2006 год» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 231 «Қостанай ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қостанай ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 231 «Қостанай ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-14-27, 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 1 «Көзқарас-Взгляд» газетінде жарияланды), бұрын енгізілген өзгерістер 2006 жылдың 16 қаңтардағы № 242 «Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 231 «Қостанай ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-14-28, 2006 жылғы 3 ақпандағы № 4 «Көзқарас-Взгляд» газетінде жарияланды), 2006 жылдың 2 ақпандағы № 247 «Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 231 «Қостанай ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-14-30, 2006 жылғы 24 ақпандағы № 7 «Көзқарас-Взгляд» газетінде жарияланды) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: Осы шешімнің бірінші тармағы жаңа редакцияда шығарылсын: «1. 2006 жылға арналған аудандық бюджет келесі көлемде бекітілсін: 1) кірістер бойынша 1552075 мың теңге, оның ішінде: салық түсімдері 692579 мың теңге; салыққа жатпайтын түсімдер 4963 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 7695 мың теңге; ресми трансферттер 850567 мың теңге, оның ішінде: ағымдағы нысаналы трансферттер 235519 мың теңге, дамуға арналған нысаналы мақсатты трансферттер 268846 мың теңге, субвенциялар 342473 мың теңге; 2) шығындар 1435785 мың теңге; 3) операциялық сальдо 116290 мың теңге; 4) таза бюджеттік кредиттеу (теріс) -11000 мың теңге, оның ішінде бюджеттік кредиттерді өтеу 11000 мың теңге; 5) артығы 110353 мың теңге; 6) артығын пайдалану 110353 мың теңге.».
Тармақ 2
2. 1-қосымшасы жаңа редакцияда шығарылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткең күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 4