О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 20 декабря 2005 года № 231 «О районном бюджете Костанайского района на 2006 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 231 «Қостанай ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 231 «Қостанай ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-14-27, 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 1 «Көзқарас-Взгляд» газетінде жарияланды), бұрын енгізілген өзгерістер 2006 жылдың 16 қаңтардағы № 242 «Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 231 «Қостанай ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-14-28, 2006 жылғы 3 ақпандағы № 4 «Көзқарас-Взгляд» газетінде жарияланды), 2006 жылдың 2 ақпандағы № 247 «Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 231 «Қостанай ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-14-30, 2006 жылғы 24 ақпандағы № 7 «Көзқарас-Взгляд» газетінде жарияланды), 2006 жылдың 15 мамырдағы № 306 «Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 231 «Қостанай ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-14-37, 2006 жылғы 2 маусымдағы № 21 «Көзқарас-Взгляд» газетінде жарияланды), 2006 жылдың 15 маусымдағы № 313 «Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 231 «Қостанай ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгеріспен толықтырулар енгізу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-14-40, 2006 жылғы 30 маусымдағы № 25 «Көзқарас-Взгляд» газетінде жарияланды) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Осы шешімнің бірінші тармағы жаңа редакцияда шығарылсын:
«2006 жылға арналған аудандық бюджет келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер бойынша 1642052 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдері 761114 мың теңге;
салыққа жатпайтын түсімдер 4428 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 11695 мың теңге;
ресми трансферттер 864815 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 273871 мың теңге, дамуға арналған нысаналы мақсатты трансферттер 248471 мың теңге, субвенциялар 342473 мың теңге;
2) шығындар 1511402 мың теңге;
3) операциялық сальдо 130650 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттеу (теріс) -11000 мың теңге, оның ішінде бюджеттік кредиттерді өтеу 11000 мың теңге;
5) артығы 110353 мың теңге;
6) артығын пайдалану -110353 мың теңге».
Тармақ 2
2. 1-қосымша жаңа редакцияда шығарылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 4