О внесении дополнения в решение маслихата от 20 декабря 2005 года № 235 «Об утверждении Программы реабилитации инвалидов в городе Рудном на 2006-2008 годы» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 235 «Рудный қаласындағы мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11- бабына сәйкес, сонымен қатар әкімдіктің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 272 «Әкімдіктің 2005 жылғы 28 қарашадағы № 905 «Рудный қаласындагы мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулысын қарап, мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 235 «Рудный қаласындағы мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-34, 2006 жылғы 10 ақпанда «Рудненский рабочий» газетінде № 11-12 болып жарияланған) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін: жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Рудный қаласындағы мүгедектерді оңалтудьң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында: «Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» атты 8-тармақта: «Кәсіптік оңалту» атты, 6-бөлімдегі 28-тармақта «екінші топтағы мүгедектерге» сөздерінен кейін «және мүгедек балаларға» сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Рудный қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.