О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 20 декабря 2005 года № 251 «О бюджете Житикаринского района на 2006 год» Қолданыста
Басқа 0
«2006 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 251 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Жітіқара ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1) тармағы 1) тармақшасына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «2006 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 251 мәслихат шешіміне (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-30, «Житикаринские новости» газетінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 26 санында жарияланған; бұрын «2006 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 251 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 261 мәслихат шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10- 34, «2006 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2005 жылғы 1) желтоқсандағы № 251 мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 2 ақпандағы № 272 мәслихат шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-35, өзгерістер енгізілген) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2006 жылға арналған аудандық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 1 286 828 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 730 423 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 1 303 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 3 400 мың теңге;
алынған ресми трансферттер бойынша - 551 702 мың теңге, оның ішінде нысаналы ағымдағы трансферттер - 159 223 мың теңге, дамытуға арналған нысаналы трансферттер - 392 479 мың теңге;
2) шығындар - 1 291 017 мың теңге;
3) операциялық сальдо (теріс) - 4 189 мың теңге;
4) тапшылық - 4 189 мың теңге;
5) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 4 189 мың теңге, оның ішінде бюджеттік қаражаттар қалдықтары есебінен - 4 189 мың теңге».
2) көрсетілген шешімнің 1 және 4-қосымшалары осы шешімнің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Шешім Жітіқара ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. 2006 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті
Мәслихаттың кезектен тыс
сессиясының
2006 жылғы 28 ақпандағы
№ 289 шешіміне
1-қосымша
2006 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті
Басқа 4. 2006 жылға арналған Жітіқара ауданының село, селолық округтер аппараттарының бюджеттік бағдарламалары (қосалқы бағдарламалары)
Мәслихаттың кезектен тыс
сессиясының
2006 жылғы 28 ақпандағы
№ 289 шешіміне
2-қосымша
2006 жылға арналған Жітіқара ауданының село, селолық округтер аппараттарының бюджеттік бағдарламалары (қосалқы бағдарламалары)