О внесении изменений и дополнений в постановление от 20 декабря 2005 года № 759 «Об утверждении перечня организаций, на базе которых будут организованы общественные работы, виды и объёмы общественных работ на 2006 год» Күшін жойған
Басқа 0
«2006 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері, қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдар тізбесін бекіту туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 759 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабы 5-тармағына сәйкес, «Жітіқара политехникалық колледжі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының Костанай облысы әкімдігі, Костанай облысының білім беру департаменті «Жітіқара политехникалық колледжі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны етіп кайта аталуына байланысты және «МинералСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің берген тапсырысы негізінде әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2006 жылға арналған коғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері, қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдар тізбесін бекіту туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 759 қаулыға (мемлекеттік тіркеу күні 2006 жылдың 5 қаңтары, мемлекеттік тіркеу нөмірі № 9-10-31, «Житикаринские новости» газетінің № 10 санында, 2006 жылғы 10 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) «2006 жылға арналған коғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері, қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдар тізбесін бекіту туралы» қосымшасындағы 1-тармағы «Кәсіпорын атауы» бағанындағы «Жітіқара политехникалық колледжі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны» сөзі «Қостанай облысы әкімдігі, Қостанай облысының білім беру Департаменті «Жітіқара политехникалық колледжі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны» сөзімен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) қаулының жоғарыда көрсетілген қосымшасының 3-тармағы мына мазмұнда толықтырылсын:
Тармақ 2
2. Оның бірінші ресми жарияланымынан соң он күнтізбелік күн өткенінен кейін осы қаулы қолданысқа енеді.