О внесении дополнений в постановление от 20 декабря 2005 года № 759 «Об утверждении перечня организаций, на базе которых будут организованы общественные работы, виды и объемы общественных работ на 2006 год» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ұйымдардың базасында 2006 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың көлемі мен түрлерін, коғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ұйымдар тізбесін бекіту туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 759 әкімдік қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабы 5-тармағына сәйкес және Жітіқара ауданы әкімдігінің «Жітіқара Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны берген тапсырысы негізінде, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ұйымдардың базасында 2006 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың көлемі мен түрлерін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ұйымдар тізбесін бекіту туралы» 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 759 қаулысымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу күні 2006 жылғы 5 қаңтар, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-31, «Житикаринские новости» газетінің 2006 жылғы 10 наурыздағы № 10 санында жарияланған) «Ұйымдардың базасында 2006 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың көлемі мен түрлерін, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ұйымдар тізбесі» қосымшасына мынадай толықтырулар енгізілсін: 2 жолдағы «Жітіқара қаласындағы жұмыстар» бөліміндегі «Жұмыстардың түрлері» бағаны мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «бұрынғы аудандық аурухана ғимаратын одан әрі кайта жаңартуға жататын әлеуметтік бағыттағы объектіні қорғауға катысу»; «Адам саны» бағанын - «20» санымен толықтырсын; «Адам - күндері» бағанын - «420» санымен толықтырсын; «Жұмыс күндері» бағанын - «21» санымен толықтырсын; «Жұмыстардың көлемдері мен шарттары» бағанын - «6698,9 ш.м.» санымен толықтырсын.
Тармақ 2
2. Әкімдік қаулысы оны бірінші ресми жариялаған күнінен соң он күнтізбелік күн өткенінен кейін қолданысқа енеді.