О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 сентября 2005 года № 929 Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі N 929 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі N 929 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 35, 484-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ "Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны" деген сөздерден кейін "және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындары" деген сөздермен толықтырылсын: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: "1-1. Кәсіпорынға осы қаулыға қосымшаға сәйкес еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруға рұқсат берілсін."; осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құратын еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 785 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі N 929 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құратын еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі 1. "Ақмола ғылыми-техникалық ақпарат Астана қаласы орталығы" еншілес мемлекеттік кәсіпорны 2. "Республикалық ғылыми-техникалық Алматы қаласы кітапхана" еншілес мемлекеттік кәсіпорны және оның филиалдары