О внесении изменений в решение маслихата от 20 декабря 2005 года №29-13 «О правилах выгула собак и кошек в городе Уральске» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылғы 20 желтоқсандағы №29-13 «Орал қаласында иттер мен мысықтарды серуенге шығару ережесі туралы» мәслихаттың шешіміне өзгеріс енгізу туралы Иттерін серуенге шығаратын иелерде жануарларды иеленуге құқығы барын және алдын-алу, емдеу мен жануарлар ауруларының диагностикасы мақсатында барлық ветеринарлық өңдеу жүргізілгендігін растайтын құжаттың міндетті түрде болуын нұсқай отырып, ит иелерінің және қала тұрғындарының құқығын анағұрлым толық қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Заңының 1-бабы 10-тармағына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Орал қалалық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы №29-13 «Орал қаласында иттер мен мысықтарды серуенге шығару ережесі туралы» шешімімен бекітілген (тіркеу №7-1-27 2006 жылғы 16 қаңтардан, «Жайық үні газетінде 2006 жылғы 26 қаңтарда жарияланған) «Орал қаласында иттер мен мысықтарды серуенге шығару ережесі» келесідей өзгерту енгізілсін: «Орал қаласында иттер мен мысықтарды серуенге шығару ережесінде» көрсетілген 16-тармақтың 6-тармақшасындағы «куәлік» сөзі «паспорт» сөзімен ауыстырылсын.