О внесении изменений в решение маслихата от 20 декабря 2005 года №29-13 «О правилах выгула собак и кошек в городе Уральске» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылғы 20 желтоқсандағы №29-13 «Орал қаласында иттер мен мысықтарды серуенге шығару ережесі туралы» мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі №422-I «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңының 14-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 15 қарашадағы №372 «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Орал қалалық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы №29-13 «Орал қаласында иттер мен мысықтарды серуенге шығару ережесі туралы» шешімімен бекітілген (тіркеу №7-1-27 2006 жылғы 16 қаңтардан, 2006 жылғы 9 ақпанда «Пульс города» газетінде, 2006 жылғы 26 қаңтарда «Жайық үні» газетінде жарияланған) «Орал қаласында иттер мен мысықтарды серуенге шығару ережесіне» төмендегідей өзгерістер енгізілсін: 6-тармақ – алынып тасталсын. 16-тармақтың 6-тармақшасындағы «ветеринарлық куәліксіз» сөзі алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Орал қалалық мәслихатының 2006 жылғы 27 ақпандағы №30-16 «2005 жылғы 20 желтоқсандағы №29-13 «Орал қаласында иттер мен мысықтарды серуенге шығару ережесі туралы» мәслихаттың шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (тіркеу №7-1-30 2006 жылғы 23 наурыздан, 2006 жылғы 23 наурызда «Пульс города» газетінде, 2006 жылғы 23 наурызда «Жайық үні» газетінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.