О внесении изменений в решение маслихата от 20 декабря 2005 года №29-13 «О правилах выгула собак и кошек в городе Уральске» Күшін жойған
Басқа 0
2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 29-13 «Орал қаласында иттер мен мысықтарды серуенге шығару ережесі туралы» мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңының 43 бабының талабына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 7 бабын басшылыққа ала отырып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Орал қалалық мәслихатының 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 29-13 «Орал қаласындағы иттер мен мысықтарды серуенге шығару ережелері туралы» шешімімен бекітілген «Орал қаласындағы иттер мен мысықтарды серуенге шығару ережелеріне» (нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде 7-1-27 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 26 қаңтарда «Жайық үні» газетінің № 4 жарияланған, Орал қалалық мәслихатының 2006 жылғы 27 ақпандағы № 30-16 «2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 29-13 «Орал қаласындағы иттер мен мысықтарды серуенге шығару ережелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 7-1-30 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 23 наурызда «Жайық үні» газетінің №12 жарияланған , Орал қалалық мәслихатының 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 32-4 «2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 29-13 «Орал қаласындағы иттер мен мысықтарды серуенге шығару ережелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 7-1-41 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 11 мамырда «Жайық үні» газетінің №19 жарияланған шешімдермен енгізілген өзгертулерді ескере отырып) келесі өзгертулер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 4 бөлім алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) 5 бөлім келесі редакцияда баяндалсын: «Тұрғын үй кооперативтерінің, пәтер иелері кооперативтерінің, кондоминиумдардың иттер мен мысықтарды ұстау ережесін қамтамасыз ету бойынша құқықтары»;
Тармақша 3
3) 15 тармақша келесі редакцияда баяндалсын: «Тұрғын үй кооперативтері, пәтер иелері кооперативтері, үй-жай иелері кооперативтері, кондоминиумдар құқылы:».
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.