О внесении изменений в постановление акимата области от 20 июня 2006 года № 168 "О закреплении рыбохозяйственных водоемов (участков) за пользователями по Урало-Каспийскому бассейну (в пределах Атырауской области)" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімиятының 2006 жылғы 20 маусымдағы № 168 "Жайық-Каспий бассейні бойынша (Атырау облысы шегінде) балық шаруашылығы су тоғандарын учаскелерін) пайдаланушыларға бекітіп беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының27-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімиятының 2006 жылғы 20 маусымдағы № 168 «Жайық-Каспий бассейні бойынша (Атырау облысы шегінде) балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) пайдаланушыларға бекітіп беру туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2467 тіркелген, 2006 жылғы 29 шілдедегі № 90 «Атырау» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-қосымшасындағы: 7 және 9-тармақтар алынып тасталсын; көрсетілген қаулының 2-қосымшасындағы: «Табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген Қиғаш өзені мен сағалық кеңістігінің балық шаруашылығы учаскелерінің (тартымдарының) тізбесі» кестедегі: 6-тармақ алынып тасталсын; «Қиғаш өзенінің сағалық кеңістігі» кестедегі: 7-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К. Айдарбековке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастапқа қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.