О внесении изменения в решение маслихата от 20 января 2006 года № 192 «Об установлении единой ставки фиксированного суммарного налога и единой ставки акциза на услуги игровых автоматов с денежным выигрышем» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 192 «Ақылы ұтысымен ойын автомат-тарының қызметіне белгіленген біртұтас жиынтық салық ставкасын және біртұтас акциз ставкасын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-ІІ "Салык және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 258 және 394 бабтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы № 1016 "Тіркелген жиынтық салықтық ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қарабалық ауданы бойынша салық комитетімен ұсынылған, деректер негізінде Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 192 "Ақылы ұтысымен ойын автоматтарының қызметіне белгіленген біртұтас жиынтық салық ставкасын және біртұтас акциз ставкасын белгілеу туралы" шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
үшінші жолда:
"жылына 16 айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде" деген сөздер "жылына 52 айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде" деген сөздермен өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап іс-қимылға енеді.