О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Экибастуза от 20 марта 2006 года № 198/4 «О социальной помощи отдельным категориям граждан города Экибастуза на 2006 год» Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 20 наурыздағы "2006 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік
көмек туралы" № 198/4 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Үлы Отан соғысына
қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген
тұлғаларга әлеуметтік қолдау және жеңілдік туралы" Заңдарына,
озгерістер мен толықтырулар енгізілген Екібастұз
қалалық мәслихатының 2005 жылғы 9 желтоқсандағы
(III шақырылған кезекті XXII сессия) "Екібастұз қаласының 2006 жылға арналған бюджеті туралы" № 264/22 шешіміне сәйкес, облыс әкімі орынбасарының 2006жылғы 23 наурыздағы № 1-21/9-848 тапсырмасы негізінде, азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік комек корсету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 20 наурыздағы
"2006 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген
санаттарына әлеуметтік комек туралы" (2006 жылғы 13 сәуірде
нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің № 12-3-49
тізілімінде тіркелген, 2006 жылғы 13 сәуірде "Вести Экибастуза"
жоне 2006 жылғы 20 сәуірде "Отарқа" газеттерінің № 16
номірлерінде жарияланған) № 198/4 қаулысына (әрі қарай -Қаулы) (Селесі озгертулер мен толыктырулар енгізілсін:
1) қаулының 2 тармақ 2) тармақшасы келесі мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын:"әскери қызметкерлер, ішкі істер органдарының басшы тұлғалары мен құрамы және бұрынғы Социалистік Республикалар Кеңестер Одағының мемлекеттік қауіпсіздігін қорғауда жарадан, контузиядан, жарымжан болуы, басқа да мерзімді әскери қызметін атқару кезінде немесе майданда болуына байланысты сырқаттануы салдарынан мүгедек болған тұлғалар";
2) қаулының 2 тарамақ 3)тармақшасы келесі мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын:
"сондай-ақ басқа мемлекет аумағындағы әскери ұрыстарға қатысқан басқа да қатысушылар";
3) қаулының 3 тармақ 4) тармақшасы "сауықтыруға көмек" сөздерінен кейін "Венгрия оқиғаларына және басқа мемлекет аумағындағы әскери ұрыстарға қатысқан басқа да қатысушылардан басқалары" сөзімен толықтырылсын;
4) қаулының 4 тармақ 3) тармақшасы "2 АЕК көлемінде" сөздерінен және санынан кейін "Венгрия оқиғаларына және басқа мемлекет аумағындағы әскери ұрыстарға қатысушылардан басқа" создерімен толықтырылсын;
5) қаулының 4 тармақ 1) тармақшасындағы "3000" және "2000" сандары "7000" және "3000" сандарына ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2006 жылдың 1 қаңтарынан туындаған кұқықтық қатынаста таратылады, әрі ол бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Тармақ 3
З. Осы қаулының орындалуын бакылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Ш. Балтабековаға жүктелсін.