О внесении изменений в постановление акимата города Риддера от 20 февраля 2006 года № 1985 «Об утверждении Правил назначения и выплаты материального обеспечения на детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому» Күшін жойған
Басқа 0
Риддер қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 1985 «Үйде оқытылып және тәрбиеленетін, мүгедек - балаларды материалдық қамтамасыз етуді тағайындау және төлеу Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасын басшылыққа ала отырып, қарауында оқытылып және тәрбиеленетін мүгедек-балалары бар ата-аналарға көмек көрсету мақсатында Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Риддер қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 1985 «Үйде оқытылып және тәрбиеленетін, мүгедек - балаларды материалдық қамтамасыз етуді тағайындау және төлеу Ережесін бекіту туралы» (Риддер қаласының Әділет басқармасында 2006 жылдың 23 ақпанында тіркелген № 5-4-24, «Вечерка» газетінде 2006 жылдың 05 мамырында № 18 жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1 тармақ «2006 жылдың 1 қаңтарынан материалдық қамтамасыз етудің мөлшері ай сайын 7581 (жеті мың бес жүз сексен бір) теңге соммасында бекітілсін» келесі баспада баяндалсын:
«2008 жылдың 1 сәуірінен бастап материалдық қамтамасыз етудің мөлшері ай сайын 8000 (сегіз мың) теңге соммасында бекітілсін»;
Тармақша 2
2) 4 тармақ «Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Г.Д. Ушановаға жүктелсін» «Г.Д. Ушанова» деген сөз «Р.В. Дюсебаева» деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Р.В. Дюсебаеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы мемлекеттік әділет органдарында тіркелген күннен
бастап күшіне енеді және оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.