О внесении изменений и дополнений в решение от 20 декабря 2006 года № 26-7 "Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и опалту жилищно-коммунальных услуг" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 26-7 “Табысы аз азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабынын, жылғы 23 сәуірдегі № 4 «2004 жылғы 17 тамыздағы № 93 «Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде қолданылатын коммуналдық қызметтерді тұтыну шығыстары мен нормативтердің мөлшерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шешімі негізінде Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 26-7 «Табысы аз азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» (тіркеу нөмірі 5-8-39, «Пульс района» газетінің 2007 жылғы 9 ақпанындағы № 6 санында жарияланған) Бородулиха аудандық мәслихатының сессиясының шешіміне толықтырулар енгізілсін: 3 бөлімнің 25 тармағына келесі абзац толықтырылсын «Түрғын үй көмегін есептеу кезінде әлеуметтік нормалар қолданылсын:
Тармақша 1
1) тұрғын үй ауданының нормасы: жалғыз басты тұрып жатқан азаматтарға - 30 шаршы метр екі адамнан тұратын отбасына - 30 шаршы метр үш және оданда көп адамнан тұратын отбасына - әрқайсысына шаршы метр
Тармақша 2
2) газды шығындау нормасы: орталықтандырылған газбен жабдықталған жеке үйлерде тұратын отбасыларына бір айдағы адам басына шақанда 5,5 кг
Тармақша 3
3) электр қуатын тұтыну нормасы: 1- адамға - 72 кВт 2 - адамға - 114 кВт 3 және оданда көп адамға - әрқайсысына 50 кВт Түтыну нормативтері және оларды сумей қамтамасыз ету, жылумен қамту, қоқыс шығару, тұрғын үйді үстау шығындарының тарифтері қызмет берушілермен үсынылады.