О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 20 декабря 2006 года № 307 «О районном бюджете Мендыкаринского района на 2007 год» Қолданыста
Басқа 0
«Меңдіқара ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 307 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Меңдіқара ауданы әкімдігінің қаулысын қарап, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Меңдіқара ауданының 2007 жылғы арналған аудандық бюджеті туралы" мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 307 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу № 9-15-48 2006 жылғы 27 желтоқсан, аудандық "Меңдікара үні" газетінде 2006 жылғы 28 желтоқсанның 53 санында, 2007 жылдың 4 қаңтардағы 1 санында және 11 қаңтардағы 2 санында жарияланды).
Аталмыш шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2007 жылға арналған Меңдіқара аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 230 906 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 227 405 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 901 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан алынатын түсімдер - 1 600 мың теңге;
ресми трансферттер түсімдері бойынша - 553 743 мың теңге:
оның ішінде облыстық бюджеттен субвенция - 332 286 мың теңге;
2) шығындар - 797 398 мың теңге;
3) тапшылық- 12749 мың теңге, қаражаттық жыл басындағы 12749 мың теңге сомасындағы бос қалдықтарды тарту есебімен жабылады."
Тармақ 2
2. Аталмыш шешімнің 1, 3, 4 қосымшалары осы шешімнің 1, 3, 4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынаң бастап күшіне енеді.
Басқа 4